Білім

Облысымыздағы үздік жас ғалымдар конкурсы: 183 жас. 194 жоба

Қыркүйектің 22-23-і күндері Ақтөбе қаласында «Ақтөбе облысының үздік жас ғалымы-2016» ғылыми-зерттеу жобалары конкурсы өтті. Облыс орталығынан  және өңірдің әр ауданынан байқауға қатысқан 183 жас жалпы 194 жоба ұсынды.

Айта кету керек, аталған конкурс маусым айында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жарияланған болатын. Мақсат —  жас зерттеушілерге қолдау көрсету, олардың ғылыммен айналысуға деген ынта-ықыласын арттыру.

Конкурс негізгі 7 бағыт бойынша өткізілді: «Жаратылыстану-математика ғылымдары»,  «Инновациялық технология және энергетика», «Ақпараттық-коммуникациялық технология», «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар», «Медицина және фармацевтика», «Робот техникасы», «Шағын және орта бизнес жобалары», «Астана ЭКСПО-2017».

Байқаудың бастапқы күні 5 бағыт бойынша 110 жоба, екінші күні 2 бағыт бойынша әзірленген 84 жоба ұсынылды.

Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жас ғалымдар кеңесінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырып отырмыз. Жалпы 7 бағыт бойынша 21 грант бөлініп отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерге 500 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі, — дейді «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Қадырова.
Конкурс қорытындысы қыркүйектің 26-сы күні шығарылады.

 Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button