Білім

Биылғы жетістік иелері 6 ұстаз бен 68 оқушы

ХХІ ғасырда жаңа Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі беделді мемлекеттер қатарында қалыптасып әрі қарай дамуы үшін бүгінгі жастардың қоғамдағы орны ерекше. Қазіргі таңда, халықаралық байланыстар дамыған кезеңде, Қазақстан жастары бәсекеге қабілетті, өзінің дәстүрі мен тілін, мәдени құндылықтарын бойына сіңірген, өз ісінің маманы болуы басты мақсат екені белгілі. Осыған орай Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілігінің бастамасымен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда дәстүрлі «Ұстаз. Жастар. Болашақ-2016» фестивалі төртінші жыл қатарынан өтті.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі үшін өткен  2015-2016 оқу жылы көптеген табыстарға толы жыл болды.

— Колледж оқытушылары мен оқушылары халықаралық, республикалық  және облыстық ғылыми-интеллектуалды, спорт, музыка және шығармашылық саласындағы олимпиадалар, сайыстар мен байқауларда жоғары жетістіктерге жетіп, өз деңгейлерінің жоғары екендіктерін дәлелдеді, — деп атап өтті колледж директоры Ералы Нұрғалиев. Биылғы оқу жылында өз шығармашылығымен, шәкірттерінің жетістіктерімен ерекше көзге түскен оқытушылар Өтеген Сарин, Гүлнұр Ильясова, Римма Дәулетиярова, Ғайни Жүнісова, Мейрамгүл Жүсіпова, Әсия Сәрсеновалар Құрмет грамотасы және арнайы дипломдармен марапатталды. Колледж оқушылары арасында халықаралық  және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиада, ғылыми жоба, әдеби сайыстарда, ғылыми-практикалық конференция және шығармашылық байқауларда, салауатты өмір салтын өз бойларына қалыптастыра отырып, түрлі деңгейде өткен спорттық жарыстарда да колледж мәртебесін өсірген 68 оқушыға колледж директоры арнайы дипломдар табыстады.

Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламаға ұласып, колледж оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

Ербатыр ҚАЛЫШЕВ,

гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button