Ресми

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

А.И.Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын.

 

                                                                 Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                                                 Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек. №322

 

————

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

 

И.Н.Тасмағамбетовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.

 

                                                                Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                                                    Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек. №323

 

————–

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев — Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек — Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев — Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                            Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                                                      Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек.  №324

 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен: Сәкен Әділханұлы Жасұзақов — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; Берік Мәжитұлы Имашев — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы; Марат Бақытжанұлы Бекетаев — Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев — Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі; Қайрат Пернешұлы Қожамжаров — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы; Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Талғат Советбекұлы Донақов — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары; Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button