Денсаулық

Саябақтағы би

Фестиваль

  ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Денсаулық күніне арналған  республикалық «Жастық қуаты» атты фестиваль өтті.

Фестивальдің мақсаты — спортты, би өнерін насихаттау.

— Фестиваль өте қызықты өтті. Жастардың қызығушылығы бойынша ұлттық, спорттық би түрлерін таңдап алдық. Мамыр айынан қыркүйек айының соңына дейін әртүрлі мәдени шаралар және «Ретро әндері — 80 жылдар» атты сайыстар өткіземіз. Саябақ демалушыларының талабы ескеріледі. Мақсатымыз жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, — дейді  демалыс саябағының режиссері Ұлжан Кылышбекова.

Саябаққа қала тұрғындары көп жиналып, жергілікті өнерпаздардың биін тамашалады. Кештің соңы қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорғамен» аяқталды.

25 қыркүйекте жазғы шаралардың есеп беру кеші өтеді.

Саябақ  демалушыларының арасынан «Ең үздік жұп»,  ал шараға қатысушылардан «Ең жақсы биші», «Ең үздік шығармашылық ұжым» номинациялары бойынша жүлдегерлер марапатталды.

 Гүлзат СӘТТІБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button