Ауыл

Бозойда мұнайшылар сайысты

Спартакиада

 Шалқар ауданы Бозой ауылында мұнай-газ саласы қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті.

Спорттық сайысқа «TETHYS Арал-Газ», Арал тораптық өндірістік басқармасы кәсіпорындары қызметкерлері және тағы басқа мұнай компаниялары қызметкерлері арасынан құралған топтар қатысты. Футбол, волейбол, жүгіру, қол күрес, арқан тартыс түрлерінен өткен жарыс 2-3 күнге созылды.

Алғашқы күні доп қуып, футбол ойнаған TETHYS Арал-Газ мекемесінің қызметкерлері аяқдоп шеберлері екенін танытып, сайыстың соңына дейін сол биіктерінен құламады. Сөйтіп, жарыстың барлық түрінен I орынды иеленді. Осылайша мұнай-газ қызметкерлері бір серпіліп қалды.

Күні-түні қара тер болып жұмыс жасап жүрген қызметкерлерге осындай жарыс ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғыс айтпасақ жарамас. Алдағы уақытта да осы секілді жарыстар өткізіліп, өз жалғасын табар деп үміттенемін.

 Самал ҚОЖАБАЙҚЫЗЫ,

Бозой ауылы.

Шалқар ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button