Білім

16 мыңнан астам бүлдіршін Алғашқы қоңырауға алғаш рет куә болады

Бүгін — Білім күні

 Бүгін өңірімізде 16 мыңнан астам бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығынан аттайды.

Облыста қазір 427 жалпы орта білім беретін мектеп бар, оқушылар саны — 126 612, олардың 6570-сі 11-сынып барады.

2015 жылы облысымызда білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі 53,3 млрд теңгені құраса, 2016 жылы  65,4 млрд теңгеге жеткен.

1-сыныпқа келетін оқушылар жаңартылған білім мазмұнымен, жаңа бағдарлама және жаңа оқулықтармен оқытылады. Білім беру мазмұнын жаңарту, үш тілде оқыту, «Роботтық техника» курсын енгізу аясында «КАТЕV» Халықаралық білім беру қоры, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Ұстаз» орталығы, педагогикалық шеберлік орталығымен бірге мұғалімдерге көмек беру жұмыстары ұйымдастырылды. Облыста 1-сыныпқа сабақ беретін 3035 мұғалім «Өрлеу», педагогикалық шеберлік орталығы арқылы арнайы даярлық курстарынан өтті.

Жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 9 білім беру нысанының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Ұлттық қордан бөлінген қаржы — 3,4 млрд теңге болса, жергілікті бюджеттен 1,2 млрд  теңге бөлініпті. Жаңа оқу жылы қарсаңында 3 мектеп, 1 жеке мектеп және 1 балабақша ғимараты пайдалануға берілді.

2016 жылдың 8 айында облыста 34 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның 2-еуі Ақтөбе қаласында ашылды. Нәтижесінде, 3-6 жас аралығындағы балаларды меткепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 89 пайызға жетті.

Сонымен қатар, 2,3 млрд теңге қаржы жұмсалып, 68 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жасалды. Күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, 112 нысан үшін 3 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 3 есе көп.

Оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға облыс бойынша 729,8 млн теңге бөлінді. Қайта басылып шығарылған оқулықтардың қажетті мөлшері 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button