Ресми

Тағайындау

Полковник Сейткерім Сапарбайұлы Арапбаев 2016 жылдың 1 тамызынан Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы болып тағайындалды.

Ол 1966 жылдың 7 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында дүниеге келген. 1992 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын бастауыш әскери дайындық және дене тәрбиесі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. 1984-1986 жылдары мерзімді әскери қызметін өтеген. ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметін 1994 жылы бастаған. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының жергілікті әскери басқару органдарында түрлі лауазымдарда қызмет істеген.

Алты медальмен марапатталған (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мінсіз қызметі үшін және т.б.).

Отбасылы, бес бала тәрбиелеп отыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button