БілімЖаңалықтар

Облыс мектептері оқулықтармен 93 пайыз қамтылды

Ақтөбе облысында жаңа 2016-2017 оқу жылына мектеп оқулықтарымен қамтамасыз ету деңгейі 93 пайызды құрады. Бұл туралы облыстық білім басқармасына сілтеме жасап, «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады.

Биыл оқушыларды тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуге облыс билігі 729,8 млн теңге бөлді. Мектеп қажеттіліктеріне өңірде 827 мың данадан астам жаңа кітап сатып алынды. Оқулықтар баспа үйлерінен Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарға жеткізілді. Тек 1-сынып оқушыларына арналған «Мектеп» баспа үйінен шығарылған математика оқулықтарының екінші бөлімі сәл кейін жеткізіледі. Оқу бағдарламаларына сәйкес, математика оқулықтары бойынша сабақтар сәл кейін қолға алынады, ол кезде барлық мектеп 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, биыл 1 және 8-сыныптардың оқулықтары қайта басылып шықты. Сонымен бірге 4-сыныпқа арналған ағылшын тілі және 9-сыныпқа арналған дінтану оқулықтары қайта басылып шықты. Облыстық білім басқармасынан атап өткендей, қайта басылуы тиіс оқулықтар бойынша қамтамасыз ету деңгейі 100 пайыз болмақ.

 «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button