Білім

«Дарынның» кубогы берілді

Ақтөбе қаласындағы  №45 орта мектептің педагогикалық ұжымы Қазақстан интернет олимпиадасы рейтингінде батыс өңірі бойынша ІІІ орын алып, «Дарын» кубогымен марапатталды. Білім сайысындағы нәтижеге ұстаздар мен оқушылар терең ізденіс пен табанды еңбектің арқасында қол жеткізді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы порталы ұйымдастырған қашықтық олимпиадасы онлайн режимінде өтті. Сайыс мұғалім мен оқушыдан  пәндік білімді, терең логикалық ойлылықты, компьютерлік сауаттылықты, тез шешім қабылдай білуді қажет етті.

«Дарын» кубогы — білім мен ізденістің  көрсеткіші. Олимпиадалық қозғалысты қолдап, дарынды балалармен жұмыс жасау бағытындағы еңбегі үшін №45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айткүл Ермаханова, математика пәнінің мұғалімі Ақниет Ауханова, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ақгүл Табулдинова, тарих пәнінің мұғалімі Динара Жолдасбаева және бастауыш класс мұғалімі Нұржамал Байдрахманова «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық   орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, оқушының дарындылығын, қабілеттілігін танып, айқындап қана қоймай, оның әрі қарай жетілуіне, дамуына жол ашып, бағыт-бағдар беру — ұстаз міндеті. Сондықтан  жетістігімізбен мақтана  отырып,  ұйымшылдықпен жұмыс жасау  арқылы мұғалім, оқушы білімін саралайтын биіктерді әлі де талай бағындырамыз деп есептеймін.

 Айткүл ЕРМАХАНОВА,

№45 орта мектептің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button