БілімӘлеумет

«Нұр Отан» оқушыларды мектепке әзірледі

Партия

 «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында шаһарымыздағы 42 оқушыға көмек көрсетілді.

Егер, әріден бастап айтсақ, 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізілетін бұл шара биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептермен мектепке барудан қалып қоймауын мақсат ететін бұл шараға «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы қол ұшын созбай қалған кезі жоқ. Мысалы, партияның қалалық филиалы осы уақытқа дейін қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп 1000-ға тарта оқушылардың мектепке барып, білімді азамат болуына жағдай жасады.

Биыл да, міне, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған 42 баланың мектепке баруына көмектесу мақсатында  Ақтөбе қалалық мәслихатының 14 депутаты ақшалай және материалдық тұрғыдан көмек көрсетті. Айталық, депутаттар Қасымжан Байсадақов Құршасай ауылында тұратын Новиковтар отбасының 4 баласын мектепке қажетті киімдер, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсе, Владимир Гринберг жалғыз басты ана Жұлдыз Касьянованың 4 баласына көмектесті. Сол сияқты Күлшат Масалимова мен Константин Швец те әр үйдің 4 баласын қамқорлады. Мұндай игі істен халық қалаулылары Мұратбай Әжібаев пен Гүлназия Дәрібаева, Ардақ Өтегенов те тыс қалмады.

Жалпы депутаттар қамқоршылық жасап, көмектескен балалардың қатарында №35, 1, 52,36, 7, 2 мектептердің, сондай-ақ Құрашасай, Жаңақоныс, Қарғалы тәрізді қала маңында орналасқан селолық округтер мектептерінің оқушылары да бар.

«Нұр Отан» партиясы өкілдері өткізген іс-шараларға Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары және «Ақтөбе жастары» КММ басшылығы қатысты.

 

Айдын АБЫЛАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button