Құқық

Алаяқтардан сақтан!

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың ішінде бүгінгі күні ерекше көзге түсіп, белең алып тұрғандарының бірі — алаяқтардың қылмысы екені жасырын емес. Бұл санаттағы қылмыстардың ерекшелігі сан алуандығында болып отыр. Атап айтқанда, прокуратура тарапынан жасалған талдау нәтижесіне қарап, облысымызда алаяқтық қылмысының бірнеше түрі  орын алғанын байқауға болады.

Атап айтқанда, олар келісімшарт жасасып, оны орындамау, жалған несиелер, яғни пәтерлерді арзанға сату, жұмысқа тұрғызу және жер сату, телефонмен қорқытып алушылық және т.б. болып келеді. Алаяқтық қимылдардың тағы бір ерекшелігі, олар сенімді болу үшін келісімшартты нотариалды түрде куәландырады.

Осыған байланысты, қала тұрғындарына алаяқтардың құрбаны болмас үшін, телефон бірлігін алаяқтық жолмен алу, сенімге қиянат жасап, әртүрлі заттарды иемдену, телефон арқылы ұтыс, басқа да сыйақы туралы мәліметтер деректеріне сын көзбен қарап, шынайы зат екендігіне көз жеткізіп, мұндай сыйақылар ұсынған азаматтар туралы мәліметтерді толық зерттеу қажеттігін және аталған мәселеге тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау керек екендігін жеткіземіз.

Жәнібек ТӨРЕБЕКОВ,  

Ақтөбе қаласы прокуратурасының

бөлім прокуроры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button