Денсаулық

Гипертониядан сақтан!

Бұл ауру қан тамырларының тарылуы салдарынан  жүрекке күш түсіріп, артериялдық қысымды жоғарылатады. Кейде гипертония бүйрек  немесе басқа да ауру кезінде пайда болады.

Жоғарғы қан қысымы кезінде  бүйректің және көздің ең ұсақ қан тамырларынан бастап мидың, жүректің, аяқ пен қолдың тамырлары зақымданады. Уақыт өткен сайын жоғарғы қан қысымы  жүрек пен бүйректің жұмысын бұзады. Қан қысымы қалыпты адамдарға қарағанда қан қысымы жоғары адамдарда миға қан құйылу немесе миокард инфарктісінің даму қаупі жоғары болады. Егер  гипертония басқа қауіпті  факторлармен бірге кездессе, миға қан құйылу немесе  миокардтың инфарктісі қаупі өсе түседі. Темекі шегу, қандағы холестерин құрамының жоғары болуы, қант диабеті секілді түрлі жағдай қан қысымының жоғарылауына себепші болады.

Артериялық қан қысымы жоғары адамдар өздерін жақсы сезінуі мүмкін. Сондықтан олар бастың айналуына, әсіресе шүйде бөлімінің ауруы, құлақтың шуы, төс астының шаншуы секілді белгілерге мән бермейді.  Егер қан қысымын дер кезінде емдемесе, соңы мүгедектікке дейін алып келеді.

Қан қысымының алдын алу үшін тұзды аз пайдаланып,  артық салмақтан арылу керек. Майлы, ащы тағамдардан аулақ болған дұрыс.  Денешынықтырып, қан қысымын төмендететін дәрілерді үнемі пайдаланып жүру керек.

Міне, дәрігерлік кеңесті үздіксіз орындаған жағдайда ғана қан қысымы ауруын жеңесіз.

В.ВОЛНЕНКО,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №3 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы.                                      

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button