Құқық

М.Өндіргенов төрт жылға сотталды

«Емшан» компаниясының бұрынғы президенті, экс-депутат Мейіржан Өндіргенов пен оның әріптесі Ербол Әділовқа қатысты сот үкімі шықты. Депутат — төрт, ал әріптесі үш жылға бас бостандығынан айрылды. 

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алаяқтық, аса ірі мөлшердегі қаржыны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған «Емшан Компаниясы-EmshanCo» заңды тұлға бірлестігінің президенті Мейіржан Өндіргенов пен  компанияның вице-президенті Ербол Әділовты бас бостандығынан айырды. Кінәлілер жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді. Сонымен қатар айыпталушыларға мүлікті тәркілеу жазасы тағайындалды. М. Өндіргеновтың үйінен, жұмыс орнынан табылған және банк  есепшоттарындағы қаржысы мемлекетке келтірген шығын, яғни 900 миллион 542 мың теңгені жабу үшін  мемлекет пайдасына өндіріледі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше,  ҚР Президентінің атына оны мемлекеттік наградасы «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс жасалды.

Сотта М. Өндіргеновтің ұйымдасқан топты құрып, оған басшылық етуі, оған «Автопарк» ЖШС-сы жұмысшыларының қатысуы, бөтеннің затын қорқытып, тартып алуы, бас бостандығынан заңсыз айыру, мүлікті заңдастыру  бойынша тағылған айыптар дәлелденген жоқ. Тек оны алаяқтық жасап, бюджет қаржысын ұрлағаны үшін айыпты деп тапты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button