Құқық

Құқығыңыз бұзылса…

Конституция азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуіне тең құқықтық кепілдік береді.

Қолданыстағы заңнама бойынша бос мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурстық іріктеу қарастырылған. Конкурс ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына және ҚР «Мемлекеттік қызмет істері» министрінің бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. Олай болмаған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық лауазымды тұлғаларға қатысты 30 АЕК көлемінде айыппұл қолдануға әкеледі.

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзуға әкелетін тұлғаларды әкімшілік мемлекеттік қызметтен құқыққа сыйымсыз босатқаны үшін қарастырылған. Бұл жағдайда лауазымды тұлғаларға 60 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылады.

Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлағаларының заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде құқықтары бұзылған ҚР азаматтары құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша департаментіне арызбен жүгіне алады.

Қуат ӘБІЛҚАЙЫР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button