Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Өткен алты айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында облыс аумағында 1034 іс-шаралар өткізілді.

Тұтастай алғанда, маңызды фактор болып есептелетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру 3 бағыт бойынша жүргізілуде.

Оның біріншісі білім беру және ғылыми-практикалық іс-шараларды қамтиды.

Департаменттың ұйытқы болуымен барлығы 121 білім беру және ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізілді. Оны жіліктеп айтар болсақ,  семинарлар мен дәрістерге  7044 адам, дөңгелек үстелдерге  1382 адам, конференциялар мен форумдарға  608 адам, ойын, конкурстарға  762 адам қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары да жүйелі түрде жүргізілді. Мәселен, аталған уақыт аралығында 713 ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде баспасөз конференциялары, брифингтер өткізілді, телесюжеттер, радиобағдарламалар ұйымдастырылды. БАҚ-та көптеген авторлық мақалалар жарияланды, интернет мүмкіндіктері пайдаланылды. Есепті кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-тар арқылы департаменттің өкілдері жиырмаға жуық сұхбат берді.

Жұртшылықты хабардар ету мақсатында жыл басынан бері департамент қызметінің нәтижелері туралы өңірлік телевизия арқылы бірнеше тікелей хабарлар жүргізілді.

Сондай-ақ, департамент тарапынан БАҚ-та сыбайлас жемқорлықтың көрініс фактілері дер кезінде жариялануына көңіл бөлінді. Бұл үшін күн сайын мониторинг жүргізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың жағымсыз материалдары және сыбайлас жемқорлық көрінісі фактілері назарға алынады.

Мәдени көпшілік шаралар және қоғаммен өзара іс-қимыл да біздің жұмысымызда өзекті орын алады.  Биылғы жартыжылдықта 201 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді. Оның ауқымында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, қоғамдық қабылдау, флэшмобтар, спорттық іс-шаралар, жадынама тарату, жаппай акциялар өткізу, сондай-ақ консультациялық-кеңесші органдардың отырысы, комиссиялар мәжілісі бар.

Халықты ашық келісімге қосу бойынша жұмыс жүргізілуде, «Адалдык.кз» сайтында электрондық түрде 297 заңды тұлғалар және  7514 жеке тұлғалар қосылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру әдетте жастармен жұмыс барысында ескерілуі тиіс.  Ағымдағы жылдың 4 наурызында департаменттің бастамасымен дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту, оларға мемлекеттік қызметте тәжірибелік дағдыларды беру мақсатында алғаш рет «МАНСАП» Ақтөбе студенттік мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы құрылды. Бұл жоба «МАНСАП» мектеп түлектеріне өздерінің көшбасшылық қасиеттері мен болашақта қоғамға адал қызмет етуге мүмкіндік береді. Бұл жобаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 25 студенті қатысты. Студенттерді теориялық оқыту кезеңінен кейін олар Ақтөбе облысы мемлекеттік органдарында өндірістік практикадан өтті. Нәтижесінде 19 студент жоба бітіргені туралы сертификаттар алып, төртінші курсты бітірген 3 студент тестілеуден өтіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге дайын екенін білдіретін мүмкіндікке ие болды.

Қуанышбек СЕРІКЖАНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы

бойынша департаментінің бас маманы.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button