Құқық

Сот төрелігінің қолжетімділігі

Сот                                            

Мемлекет басшысы белгілеген бес институттық реформаны жүзеге асырудың нақты практикалық кезеңі басталды. Себебі Елбасы Ұлт жоспарында көптеген міндеттер жүктегені белгілі. Бұл жаhандық, ішкі қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда ұлттың бүкіл әлем елдері арасындағы дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі маңызды құжат.

Маңызды құжаттағы сот саласына қатысты өзгерістерге тоқталайық. Жаңа жылға дейін еліміздегі сот жүйесі бес сатыдан тұрғаны белгілі. Ағымдағы жылдың басынан бастап ол үш сатыға қысқартылды. Өйткені бұрын халық аудандық, қалалық, облыстық соттан өткеннен кейін ғана Жоғарғы Сотқа дейін арыздарын жазып, әуреге түсіп, уақытының көбін жоғалтатын. Ал қазіргі кезде сот актісіне қанағаттанбаған жағдайда азаматтар облыстық соттағы апелляциялық сатыға жүгінеді. Егер де оған қанағаттанбаса кассациялық тәртіпте Жоғарғы сотқа шағымын беріп дау тоқтатылады. Яғни уақытының көп бөлігін үнемдеуге қол жетті. Осының нәтижесінде азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігі артуына негіздер жасалды. Сот билігіне деген жауапкершілік күн санап арта түсуде.

Тәуелсіз сот әділдігі мен қазақстандық құқық қорғау жүйесі тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары іс жүзінде орындалуына бағытталуы тиіс. Елімізде жаңа Азаматтық процестік кодекс қабылданып, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Бұл заңның ең бір басты жаңалығы — бұл азаматтық істі жедел, сапалы қарауға жағдай жасағандығында. Соның ішінде дауды татуластыру арқылы шешуге баса басымдылық берілген. Қысқасы, сотта істерді шешіммен бітірмей, екі жақты табыстыру, заңнама аясында өзара келісімге келтіру.

Сонымен бірге азаматтарды бітімдестіру соттың да жұмысын жеңілдетеді. Олай болса сот сатыларын мейлінше азайтқан жөн. Сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру, сот әділдігін орнату осы сала үшін басты қағида болуы шарт.

 

Мейірбек САБЫРОВ,

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маманы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button