Құқық

Ақтөбеде танымал меценатқа қатысты сот ісі аяқталуға жақын

Алпауыт компанияны басқарған Мейіржан Өндіргенов 10 жылға сотталуы мүмкін.

Ақтөбедегі мамандандырылған ауданаралық сотында бірнеше жыл бойына мемлекет қаржысын жымқырып келген Мейіржан Өндіргеновке қатысты қаралған қылмыстық іс аяқталуға тақады. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутатына қатысты қылмыстық іс сотта екі айдан бері қаралып жатыр. Жүзден аса куәгерден жауап алынған.

Мемлекеттік айыптаушы соттан қаржы жымқырған меценатқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Прокурор Өндіргеновтің әріптесі, сыбайласы Ербол Әділовті 8 жылға бас бостандығынан айыру керектігін айтты. Атышулы алпауыт компанияның басшысына қатысты прокурор өз ұсынысын айтты. Енді қорғаушылар сөйлеп, айыпталушының соңғы сөзі тыңдалады.

Мейіржан Өндіргеновке «ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарып, бюджеттің 4,5 миллиард теңгесін жымқырды, аса ірі көлемде ақша бопсалады, ірі көлемдегі алаяқтық жасады, пайдакүнемдік мақсатта біреуді заңсыз бас бостандығынан айырды және қылмыстық жолмен алынған үлкен көлемдегі қаражаттың ізін жасырды» деген бес бап бойынша айып тағылып отыр. Екінші айыпталушы «Автопарк» мекемесінің бұрынғы директоры Ербол Әділов қылмыстық топ құрамында алаяқтық жасағаны және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін айыпталып жатыр, — деді прокурор.

Алпауыт компания басшыларының қылмысы толық дәлелденген. Олар бір жылдан аса уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

 aktobenews.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button