Құқық

Лаңкестік әрекетке қатысы бар 12 адамға сот үкімі шықты

Ақтөбе қаласының №2 сотында 2016 жылдың 12 шілдесінде ҚР 12 азаматына қатысты террористік сипаттағы қылмыстық іс қаралды. Оларға ауыр қылмыстар жасаған деп айып тағылып отыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық істі қарау барысында прокурор сотқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабық сот талқылауын өткізуді өтінген. Прокурордың өтінішінің және Қылмыстық процесуальдық Заңның 29-бабының талабының негізінде куәнің және іске қатысатын басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сот қаулысымен жабық сот талқылауы өтті.
Ауыр қылмыс жасады деп айып тағылғандар ДАИШ халықаралық террористік ұйымының қатарына қосылып, Сирия Республикасының аумағында болып жатқан қарулы қақтығыстарға қатысуды жоспарлаған. Осы мақсатта ғаламтор арқылы террористік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында содырларды даярлап жүрген тұлғалармен байланысып, Қырғызстан және Өзбекстан Республикасы азаматтарының аттарына жалған төлқұжаттар жасауға әрекеттенген. Сонымен қатар, сотталғандардың бірі жоспарлаған мақсаттарына жету үшін оларды қаржыландырған.
Сотта тағылған айып толық көлемде расталды және сот прокурордың жаза тағайындау туралы пікірін қолдады. Сот үкімімен аталған 12 азаматтың мүлкі тәркіленіп, 6-8 жыл мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 aktobenews.kz

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button