ЖаңалықтарЭкономика

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 18 жоба жүзеге асады

Мемлекеттік-жекеменшік жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ болашағы бар жаңа жобаларды іздестіру барысы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен облыстық әкімдікте өткен отырыста талқыланды деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында тартылған көлемі 16 миллиард теңгеден асатын инвестиция аумағында 18 жоба жүзеге асырылуда. Барлық жоба бойынша конкурстық процедуралар жүргізілуде.

Облыста офтальмологиялық емхана, қалалық жедел медициналық көмек бекеті, балалар тіс емханасы, мұз сарайы, өлкетану музейінің жаңа ғимараты және басқа әлеуметтік нысандар салынуда.

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестік даму қарқынының жақсы екенін айтты, алайда оның ойынша, нәтижелері бұдан да жақсы болуы мүмкін еді. Облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін аудандық деңгейде күшейту керектігіне де тоқтап өтті.

Мемлекет басшысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл тетік болашақта облыс бюджетіне түсетін ауыртпалықты жеңілдетіп қана қоймай, халықтың әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін де жақсы жолға бастайды. Жалпы алғанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асыру барысы жақсы жүргізілуде, одан сайын жақсарту үшін де мүмкіндіктер бар. Түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, инвесторлардың назарына жеткізе білу керек, мемлекетпен ынтымақтастық орнату арқылы болашақта қандай табыстарға кенелетінін де айту керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі болашағы бар жаңа жобаларды анықтауды тапсырды.

Қазір мемлекеттік-жекеменшік-серіктестік тетіктерін энергия үнемдейтін жобаларға да қолданып көру мүмкіндіктері қарастырылуда. Мемлекеттік мекемелер, құрылыс және көшені жарықтандыру, Ақтөбе қаласының жолдарындағы көлік ағынын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жобалары қарастырылуда.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button