Денсаулық

Вакцинация және бұқара

Кісі кез келген ауруға шалдыққанда, дәрігердің кеңесіне жүгініп, түрлі вирустық инфекцияға тап болмау үшін вакцинациялық әдісті қолданған жөн. Вакцинациялық әдіс тұмаумен, қызамықпен ауырмауға көмектеседі. Мамандар да бұл әдістің вирустық инфекцияға қарсы пайдасының орасан екенін айтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры, медицина ғылымының кандидаты Аманжол Тұяқбаевтың айтуынша, қызамық ауруынан тек вакцинациялық әдіспен ғана қорғануға болады.

Деннің сау болуы үшін вакцинацияның алатын орны ерекше. Бұл әдіс 1950 жылдардан басталған. Қазір де туберкулезге, құрөзек, сал ауруы (дифтерия), қызылша, қызамық, сары ауруларға қарсы егу шаралары жасалып келеді. Мысалы паратит (шошқа мойын) ауруына қарсы күнтізбелік жоспар бойынша 1 жастағы, 6 және 15 жастағы балалар егіледі.

Жалпы вирустың 2000-ға жуық түрі бар. Солардың ішіндегі қызамыққа қарсы егілу әлемде 1969 жылдан басталса, өз елімізде 2005 жылдан бастап қана қолға алынды. Қызамықтан вакцинация алғандардың 95 пайызы бұл аурумен ауырмайды. Қызамық — қауіпті дерт. Ауру асқынған жағдайда анадан жатырда жатқан балаға жұғуы, сөйтіп сәби мүгедек болып тууы мүмкін.

Облыста қауіпті ауруларға шалдықпас үшін 80 мыңға жуық балаларға вакцинация тегін жасалады.

«Автопарк» ЖШС директоры Ербол Әділовтың айтуынша, «Емшан» серіктестігі вакцинацияға 1192000 миллион теңге бөліп отыр.

Біздің мекеме өңірдегі жолаушы тасымалымен айналысады. Вакцинация біздің қызметкерлер үшін де аса маңызды болғандықтан, биыл  бірінші өзім бастап вакцинация алдым. Ал жүргізушер саны мыңнан көп. Қазіргі таңда 596 жүргізуші ерікті түрде егіліп үлгерсе, алда тағы да 200 адамды вакцинациялау көзделіп отыр. Бұған қаражат жеткілікті дәрежеде  бөлінді.

Белгілі спорт шебері, республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы Шадияр Тұрғалиев те өзінде жаттығатын балғындардың түгелге жуық егілгенін, спортпен шұғылданатын жеткіншектер үшін тұмау мен қызамыққа қарсы вакцинацияның маңызы зор екенін айтады.

Ал облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Райхан Ыбыраеваның айтуынша, облыс бойынша 500 000 тұрғын вакцинациядан өтуі қажет.

Өңіріміздегі жұртшылықтың 70 пайызы тұмау мен қызамыққа қарсы егілуге міндетті. Бірақ бүгінде бар болғаны 19 000 тұрғын ғана егілді. 10 600  адам тегін вакцинация алды. Олардың ішінде дәрігерлер, медбикелер, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, балабақша бүлдіршіндері бар. 740 адам өз қаржысымен егіліп отыр. Өңіріміздегі кейбір мекемелер қарамағындағы қызметкерлердің егілуі үшін қаржы бөліп отыр.

Қай ауру да қауіпті. Тек сол аурудың алдын алуға шара жасағанда ғана кеселді жолатпауға болады. Ал алдын алу шарасы дегеніміз — жаппай вакцинациялану болып табылады.

Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ,

облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру

орталығының баспасөз қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button