Ауыл

Бес адам жер учаскесінің сертификатына ие болды

Биыл — еліміздің бас қаласы Астананың 18-ші туған күні. Бұл атаулы мереке біздің Хромтау ауданында да ерекше өтті.

Бұл күні аудандық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халыққа сазды бағдарлама ұсынылды.

Астана күні мерекесі хромтаулықтарға тағы бір қуаныш сыйлайды. Бұл күні 5 адамға жер учаскесінің сертификаты беріліп, бір қуантты.

— Жалпы соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы үшін жүздеген адам жер алды. Қалада 22-квартал деп аталатын шағын аудан бой көтерді. Қазіргі таңда 500 азамат жер учаскесін рәсімдеп жатыр. Жыл соңына дейін қосымша тағы 400 адамға берілмек, —  дейді аудан әкімі Аязбай Османғалиев.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button