Құқық

Үздік полицейлер анықталды

Байқау

 

Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 1-ші полиция батальоны жеке құрамы арасында идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру бағыты бойынша  «Кәсіби XXI ғасыр полицей көшбасшысы» атты интеллектуалдық байқау өткізілді.

Бұл байқауға 10 полицей қызметкері қатысып, төрт кезең бойынша сынға түсті. Оларға сайыс барысында дүниетаным, тарих, спорт, ішкі істер органдарын реттейтін құқықтық бұйрықтар мен заңдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға байланысты сауалдар қойылды.

Байқаудың нәтижесі бойынша 1-орынды №1 полиция взводының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Нұрлыбек Бисенғалиев, 2-орынды №3 полиция взводының полицейі, полиция сержанты Балтабек Аймағанбетов, 3-орынды №1 полиция взводының аға қызмет инспекторы, полиция капитаны Қарлығаш Отарбаева иеленді. Жүлдеге ие болған полиция қызметкерлері кубокпен және грамотамен марапатталды.

 Бағдат ИСМАҒҰЛОВ,

Ақтөбе облысы МКҚБ ММ 1-ші полиция батальонының

взвод командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button