Спорт

Бүгін төртінші рет чемпион боламыз ба?

Біз биылғы чемпиондықтың тағдыры шешілер кездесу алдында қос команданың басшыларына бірер сауал қойғанбыз. «Тобыл» мен «Ақтөбе» клубтарының бапкерлерін бас жаттығу алдында жолықтырдық.

Асқар ҚОЖАБЕРГЕНОВ, «Тобыл» ФК бапкері: — «Тобыл» мен «Ақтөбенің» арасындағы кездесулер қашан да тартысты өтетіндігін білеміз. Ертең де Ақтөбенің стадионына жиналғандар тамаша ойынға куә болары анық. Біз «Ақтөбе» үшін жеңістің ауадай қажет екендігін білеміз. Ал біздің қатарымызда көптеген негізгі ойыншылардың жарақаттанып қалғандығымен, ойыншылардың жеңіске деген құштарлығы күшті. Оның үстіне стадиондағы алаң да біздің көңілімізден шығып отыр.

Владимир МУХАНОВ, «Ақтөбе» ФК бас бапкері: — «Ақтөбе» командасы қостанайлықтармен ойынға тас түйін дайын. Ойыншылар сапына бұған дейін жарақатына байланысты алаңға шыға алмай келген Ұлықбек Асанбаев пен Александр Митрофановтың қосылуы көңілге демеу. Алайда аздаған жарақаты бар Андрей Лавриктің ойынға шығу-шықпауы ертең ғана белгілі болады.

Ұзақ жылғы азулы қарсыласымызды жеңген күнде чемпиондықтың мерзімінен бұрын келетінін жігіттеріміз түсініп отыр. Психологиялық даярлықтары да қалыпты. Біз жанкүйерлер үшін барымызды саламыз.

А.АСЫЛБЕКОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button