ЖаңалықтарСпорт

Қос газеттің жүлдесін иемденді

Тоғызқұмалақ

 Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 29-30 маусым күндері тоғызқұмалақтан «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін дәстүрлі облыстық турнир өтті.

Марапаттау рәсіміне «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев пен «Актюбинский вестник» газетінің бас редакторы Мирал Жармұхамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлдар мен қыздар арасында жасы жағынан үш категория бойынша анықталды. Жеңімпаздарды атар болсақ, ұлдар арасында — Бексұлтан Сырлыбай, Диас Жанбау мен Ерасыл Ешмұханов, ал қыздар арасында — Фатима Сағынтайқызы, Айнара Досжанова, Аида Сәрсенбаевалар өз қарсыластарынан анағұрлым озық өнер көрсеткен. Жеңімпаздар арасында аудандар өкілдері екеу-ақ: Бексұлтан Сырлыбай — Ойылдан, Фатима Сағынтайқызы Байғанин ауданы атынан қатысты. Басқалары — Ақтөбе қаласының өрендері. Өкінішке қарай, биылғы жарысқа тек 4 аудан мен Ақтөбе қаласының ғана жас тоғызқұмалақшылары қатысты. Дегенмен, қатысушылар үшін де, ұйымдастырушылар үшін де турнир өте қызықты, тартысты өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қос басылымның басын қосып отырған «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС атынан мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал облыстық спорт басқармасы медальдар тапсырды. Сондай-ақ, жүлделі орынға ілікпегенмен, жақсы өнер көрсеткендер ынтыландыру сыйлықтарына ие болды.

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button