Құқық

Медиация: тиімді әдіс және нәтиже

Сот

Мұғалжар аудандық №2 сотында сот төрағасы А.Сабыров пен судья Ж.Кунаеваның, сондай-ақ, прокуратура, Ембі қалалық ІІБ, Жем станциясы желілік ІІБ қызметкерлері, медиаторлар, адвокат және сот мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіндегі бітімгершілік рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында А.Сабыров ҚР Азаматтық процессуалдық Кодексінің жаңа нормаларында татуласу келісімдерін және дауларды медиация тәртібінде реттеу шарттары және партисипативті рәсім тәртібінде реттеу келісімдерін жасау рәсімдері,  оның тиімділігі туралы баяндады. Сондай-ақ ол жыл басынан бері аудандық сотта  310 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 45-і бітімгершілік келісіммен, 10 іс медиация арқылы  аяқталғандығын, алдағы уақытта судьялардың татуласу рәсімдерінің тиімділігі жөнінде заң талабына сай түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, татуласу рәсімдерінің сот тәжірибесіндегі қолданылуының тиімді жақтарын талқылады. Аудандық сот төрағасы А.Сабыров аталған Кодекстің жаңа нормалары сот ісін жүргізуде аса маңызды рөл атқаратынын, бітімгершілік рәсімдерінің тиімділігі мен артықшылығын қарапайым халыққа түсіндіру бағытында үгіт-насихат жұмыстары әрі қарай жүргізіліп, көпшілік тарапынан қолдау болатынына сенімін білдірді.

Шара соңында тақырып аясында сот мамандары өз пікірлерін білдіріп, сот төрағасына сауалдарын жолдады.

 Г.ЖАНҒЫЛЫШБАЕВА,

№2 аудандық сот кеңсесінің бас маманы.

Мұғалжар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button