Білім

Бас қалаға барады

Байқау

 «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ақтөбе облысы бойынша департаменттер Астана күніне арналған «Қазақстан: балалар көзімен» атты сурет байқауын өткізді.

Сайыс үш жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылды. Талап бойынша қатысушылар қағаз бетінде елорданың әсем көріністерін бейнелеп, бас қалаға деген махаббатын білдіруі керек-ті. Өз кезегінде олардың жұмыстарын ҚР Суретшілер одағының мүшесі Гүлбарам Асқарова, Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейі директорының орынбасары Елена Малышева, Қазанғап атындағы балалар мектебінің бөлім меңгерушісі Самал Жанғасиевалар бағалады.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдеге әртүрлі жастағылардан Фатима Хабдолла, Айнұр Талғатова, Дарья Когандар лайық деп танылды. Олар енді 6 шілде күні Астанаға аттанып, қаланың көрікті жерлерін аралайтын болады.

— Басқа жүлдегерлерге 10 және 15 мың теңгеден сыйақылар табыс етілді, — дейді ұйымдастырушылар.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button