Спорт

Турнир кестесіне өзгеріс енген жоқ

Премьер-Лига

18-турда алғашқы бестіктегі төрт команда жеңіске жетті. Көш соңындағы «Тараз» өз алаңында «Тобылды» ұтты. Павлодарда «Жетісу» тізе бүкті. «Атырау» өз алаңында «Шахтермен» тең ойнауға мәжбүр болды. Жалпы турнир кестесіне еш өзгеріс енген жоқ.

Бұл турда «Оқжетпес» «Ақтөбеден» бірінші айналымдағы жеңілісінің есесін қайтарды. Рас, олар бір доп айырмашылығымен ұтылса, жерлестеріміз үш доп айырмашылығымен жеңілді. Жалпы есеп 2:4 деуге болатын шығар. Бұл ретте бұл турдағы төрт доптың үшеуі біздің қақпамызға бірінші таймда енгенін де ескерген жөн. Көкшетауда жасыл алаңға шыққан футболшыларымыздың тізіміне үңілгендер бұрын көз үйренбеген фамилияларға кезігер еді. Мәселе осында. Мысалы, осы кездесу барысына дейін біздің командаға ресейлік тәжірибелі Дмитрий Голубов деген шабуылшы келгенін естігендер аз. Мәселе Виталийдің бірінші ойынға шыққан бойда гол соққанында ғана емес, негізгі топқа жаңадан қосылғандардың әлі толық тіл табыса алмай жатқандығында болу керек, сірә. Олай дейтініміз, бірінші таймда Лассина Даоның соққысын Александр Чижовтың қайтарып үлгергені, Дидар Жалмұқанға дәлдік жетіспей қалғаны тәрізді бірер сәттерімен есте қалған ақтөбеліктер екінші таймда алаң иелерімен тең дәрежеде ойнады. Әлібек Бөлешовтің 67-минутта соққан голына Дмитрий Голубов 87-минутта қарымта голмен жауап қайтарды. Және бұл гол  шабуылшының оңтайлы берілген пасты абыржымай қағып түсіп, қақпа торына мұқият аттандырған голы. Бір шабуылшы ғана емес, ойынның екінші бөлігінде басқа футболшыларымыз да қарап қалған жоқ.  Бұған дейін Никита Бочаровтың қауіпті соққысын қақпашы С.Станкевич қақшып түскен. Дидар Жалмұқанның әріптестеріне бүйірден тастаған тамаша добына да осы қақпашы тосқауыл болды. Алайда бұл кездесудегі есеп бәрібір «Ақтөбенің» осымен қатарынан үшінші рет ірі есеппен ұтылғанын мәлім етті.

Есеп осылай болғанымен, біздің жігіттеріміздің мәртебесін тағы да ақтөбелік жанкүйерлер, сонау Көкшетауға сүйікті командасын қолдауға барған қарамы мол жанкүйерлер биікке көтеріп келді. Ақтөбелік жанкүйерлерден әзірге қазақ жұртының еш қаласының жанкүйерлері аса алмайтыны көңілге жұбаныш орнатты.

«Оқжетпес»-«Ақтөбе» — 4:1

Гол авторлары: Марат Хайруллин, 20-минут (1:0); Александр Кислицын, 35-минут (2:0); Марат Хайруллин, 41-минут (3:0); Әлібек Бөлешов, 67-минут (4:0); Дмитрий Голубов, 87-минут (4:1).

«Оқжетпес»: Саша Стаменкович, Александр Чижов, Еоне (Ристо Ристович, 69-минут), Виталий Волков (капитан), Ильнур Мангуткин, Антон Чичулин, Игорь Юрин, Марат Хайруллин, Жасұлан Молдакараев (Санат Жұмаханов, 78-минут), Жақып Қожамберді (Әлібек Бөлешев, 62-минут), Александр Кислицын.

«Ақтөбе»: Самат Отарбаев, Куасси Куаджа, Лассини Дао (Дмитрий Голубов, 55-минут), Егор Сорокин, Марат Ситдиков, Никита Бочаров (Әбілхан Абдукаримов, 85-минут), Вук Митошевич (Сандро Цвейба, 73-минут), Егор Азовский, Дидар Жалмұқан (капитан), Виктор Крюков, Кирилл Шестаков.

24 маусым. Көкшетау. «Оқжетпес» стадионы. 2500 адам.

*   *   *

 

Басқа кездесулер:

«Атырау»-«Шахтер» — 0:0

«Тараз»-«Тобыл» — 2:0

Гол авторлары: Дәуренбек Тәжімбетов, 29-минут (1:0); Малик Мане, 79-минут (2:0).

«Ертіс»-«Жетісу» — 3:1

Гол авторлары: Вадим Боровский, 12-минут (0:1); Усман  Джаллоу, 33-минут (1:1); Фернандес, 81-минут (2:1); Роман Муртазаев, 87-минут (3:1).

53-минутта екінші ескерту қағазын алған В.Боровский («Жетісу») жасыл алаңнан қуылды.

«Ақжайық»-«Ордабасы» — 0:1

Гол авторы: Ғафуржан Сүйімбаев, 42-минут (0:1).

«Қайрат»-«Астана» — 1:0

Гол авторы: Жерар Гоу, 11-минут (1:0).

*   *   *

 

18-турдың нәтижелері:

Бұл турда 13 гол соғылды.

Алаң иелері 10 гол соқса, қонақтар 3 доп өткізді.

4 кездесуде алаң иелері, 1 ойында қонақтар жеңді, 1 кездесу тең есеппен аяқталды.

Шапшаң гол иелері: Ж.Гоу, 11-минут («Қайрат»), В. Боровский, 12-минут («Жетісу»).

Кездесулер барысында 23 ескерту қағазы көрсетілді, бір футболшы (В.Боровский, «Жетісу») жасыл алаңнан қуылды. Ең тәртіпті кездесу Көкшетауда өтті, «Оқжетпес»-«Ақтөбе» кездесуінде ешқандай ескерту қағазы көрсетілген жоқ.

Мергендер көшінің басында 13 гол соққан Жерар Гоу («Қайрат») тұр.

Чемпионат басталғалы 107 кездесу өтті. 51 ойында алаң иелері жеңіске ие болса, 33 тайталаста қонақтар басым түсті, 23 кездесу тең есептермен аяқталды. Қақпаларға 259 гол соғылды (алаң иелері — 145, қонақтар — 114), сөйтіп, әр кездесуде қақпаларға орта есеппен 2,42 гол енді.

Біздің мергендеріміз:

Дидар Жалмұқан — 5 гол (екеуі — он бір метрлік айып добы);

Самат Смақов — 5 (4);

Никита Бочаров — 2;

Тоқтар Жаңғылышбай — 2;

Бобир Давлатов — 1;

Асланбек Кәкімов — 1;

Сандро Цвейба — 1;

Кирилл Шестаков — 1;

Дмитрий Голубов — 1.

«Ақтөбе» өз алаңымызда 8 кездесу өткізіп, 3 ойында жеңіске жетті, 2 тең ойын нәтижесі тіркелді, 3 рет ұтылды. Доп айырмашылығы — 10:13. Ұпай — 11. Сырт алаңда 10 ойын өткізіп, 2 кездесуде жеңіске жетті, 3 ойынды тең аяқтады, 5 рет ұтылды. Доп айырмашылығы — 9:18. Ұпай — 9.

 

ТУРНИР КЕСТЕСІ

 

Команда      О         Ж        Т         Ұт       Д         Ұп

 

1.Астана      18       14       2          2          26-10  44

2.Ертіс          18       11       5          2          31-11  38

3.Қайрат      18       11       3          4          40-16  36

4.Оқжетпес  18       9          4          5          30-20  31

5.Ордабасы 18       8          4          6          24-23  28

6.Атырау      17       6          5          6          17-18  23

7.Тобыл        17       6          3          8          18-20  21

8.Ақтөбе       18       5          5          8          19-31  20

9.Жетісу        18       5          4          9          19-28  19

10.Шахтер    18       4          5          9          8-24    17

11.Ақжайық 18       3          2          13       11-31  11

12.Тараз       18       2          4          12       16-27  10

 

*О — ойын, Ж — жеңіс, Т — тең, Ұт — ұтылыс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.  

*   *   *

3 шілде, жексенбі күні өтетін 19-турда «Ақтөбе» өз алаңымызда «Ақжайық» командасын қабылдайды. Оралда, 5 мамыр күні өткен бірінші айналым ойынында екі команда тең (0:0) ойнаған болатын.

Басқа ойындар:

2 шілде, сенбі

«Шахтер» (Қарағанды) — «Тараз» (Тараз)

«Тобыл» (Қостанай) — «Ертіс» (Павлодар)

3 шілде, жексенбі
«Ордабасы» (Шымкент) — «Атырау» (Атырау)

«Жетісу» (Талдықорған) — «Қайрат» (Алматы)

5 шілде, сейсенбі
«Астана» (Астана) — «Оқжетпес» (Көкшетау)

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button