Ауыл

Балапанды апта сайын санайды

Мәртөк селосындағы маңдайшасына инкубатор станциясы деп жазылған шағын ғимаратқа келгенімізде бізге ішке ену үшін алдымен дайын тұрған көк халатты киюімізді өтінді. Мұнда бізді қарсы алған «Анастасия» жеке кәсіпкерлігі жетекшісі Нина Сторожева өз шаруасымен таныстырды.

Станцияның қатар-қатар орналасқан бөлмелерінде ұяшықтарда шүпірлеген балапандар үні тынымсыз естіледі.

— Жұмыртқа 28 күн бойы инкубациялық кезеңді бастан өткереді, содан кейін балапандар қатарға қосылады. Оларға талап бойынша күтімін жасаймыз. Ең бастысы, температуралық режим қатаң сақталады. Бізде тауықтың, үйректің бірнеше түрлерінің балапандары өсіріледі. Станцияда үш адам еңбек етеді, ал Ақтөбе қаласындағы базарларда төрт сатушымыз бар,— дейді Нина Викторовна.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алған кәсіпкер бұл қаржының көп көмегі тигендігін айтады. Қазіргі уақытта балапандарды сатып алуға сұраныс жеткілікті болғандықтан, несиені қайтару қиынға соғып тұрған жоқ.

Әдетте балапанды күзде санайды деп жатады. Ал «Анастасияның» балапандары әрқайсысы 250-300 теңгеден күн сайын тұтынушыларына жетіп жатқандықтан, мұнда апта соңында қорытынды есеп шығарылып отырады.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button