Денсаулық

Назкен — үздік медбике

Конкурс

 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған республикалық конкурста жедел жәрдем ауруханасының интервенционды кардиология бөлімі ангиография зертханасының медбикесі Назкен Ерубаева үздік атанды.

Байқауға еліміздің барлық облысынан үздік медбикелер қатысты. Жан-жақтан жиналған мамандар өздерінің тәжірибелері мен біліктілігін қазылар алқасының алдында көрсетуге тырысты. Бұған дейін облыстық байқауда үздік атанған Назкен Ерубаева да министрлік мамандарының үш тілде қойған сұрағына мүдірмей жауап берді.

Ана тілімде және орыс тілдерінде нақты әрі дұрыс жауап берсем, ағылшын тілінде аздап қиналдым. Дегенмен, қазылар алқасы менің жауаптарыма ризашылығын білдірді, — дейді медбике.

Назкен Ерубаева 1991 жылы Ақтөбе медицина институтын медбике ісі бойынша үздік аяқтап, ілгеріде облыстық клиникалық аурухана атанған жедел жәрдем ауруханасында алғашқы еңбек жолын бастайды. 2007 жылы Елбасымыздың тапсырмасымен ашылған кардиологиялық орталыққа ауысады.  Астана, Алматы қалаларында кәсіби біліктілігін арттыру үшін арнайы курстардан өтеді. 2013 жылы жоғары санатты медбике атанған Назкен Болатқызы жедел жәрдем ауруханасына қайта шақыртылып, еңбек жолын жалғастырады. Қазіргі күні осы емдеу мекемесінде ота жасаған жандарға көмектесіп, өз міндетін мүлтіксіз атқарып жүр

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. «Түсі игіден түңілме!» дегендей, мына суреттегі мөп-мөлдір, тұп-тұнық жанарымен айналасын сәулелендіріп тұрған Нәзкен менің туған жиенім екендігін мақтаныш етемін. Оның өзі атқаратын міндетіне өлшеусіз жауапкершілікпен қарайтындығына таңданбасқа болмайды. Нәзкенде бос уақыт деген ұғым жоқ, себебі оның тәуліктегі сағатының жартысынан астамы өзінің сүйікті мамандығымен еңбек етуге жұмсалады. Қолы қалт етсе, сол мамандығын шыңдаумен, медицинаның соңғы жетістіктерін зерттеумен айналысады. Нәзкенді мен ғылыми тұлға деп қабылдаймын, себебі ол медицинаның ғылыми жетістіктерін, әсіресе жүрекке байланысты қарапайым тілмен түсіндіріп бере алатындығына таңданбасқа болмайды. Соның дәлелі оның бүгінгі күнгі жетістігі. Айналайын, Нәзкен, сені осындай биік белестен көргеніме өте қуаныштымын! Алар асуың әлі де алда деп білемін! Бақытты бол!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button