Спорт

«Көңілді мәредегі» көңіл күй

Сайыс

 23 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні.

Аталмыш мерекеге орай Ақтөбе қаласындағы мұнай және газ колледжінің спорт алаңында Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Көңілді мәре» атты спорттық сайыс өтті.

Сайысқа Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаменті мен облыстық денсаулық басқармасының мамандары қатысты. Екі топ арасында өткен сайыс эстафета түрінде болды. Әсіресе, арқан тартыс, кедергілерден өту, қапшықпен жүгіру секілді кезеңдер көңілді әрі тартысты өтті.

Сайысқа қатысушылар ұпай саны бойынша тең түсіп отырды. Шешім шығару оңайға түспеген төрешілер сайысты қорытындылау үшін тағы бір рет сынға түсуге шешім шығарды. Осы сәтте командалар арқан тартысты, нәтижесінде дәрігерлер басым болды. Сөйтіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Көңілді мәре» сайысынан І орынды жеңіп алды.

Сайыстың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.Сүлейменова спорттық шараға қатысқандарға рақметін жеткізіп, жүлдегерлерді марапаттады.

 Асқар КЕМЕШОВ,

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button