Басты жаңалықтар

Аққан жұлдыздар

Әлімбай Ізбай

Газет жұмысын бірінші орынға қойып, бел шешіп кірісіп кеткенде үй-жайын да ұмытатын адамдар болады. Сондай жанның бірі Әлімбай еді. Ол қолына қаламын алып немесе компьютерге отырған сәтте әншейіндегі қалжың сүйгіш қалпынан арылып, тіпті жанына жақындаған адаммен сөйлеспей қоятын. Тіпті мазасын ала берген біреулер болса ренжіп, кейіп те тастайтын. Ал қолға алған дүниесін бітіріп, оны бір оқып шыққан соң көңілі жайланып, темекісін қолына шиырып, әңгімелесетін адамды енді өзі іздей бастайтын.

Әлімбай сондай еді…

Зәбір көріп, араша іздеп жүрген біреудің дауын «сатып алатын»…

Қолына шамалы ақша түссе, соны үйге жеткізбей-ақ жаны ышқынып тұрған таныс-бейтаныстың қолына ұстата салатын…

Бірақ оны көп адам танушы еді. Іздеп келетін, іздеп жүретін. Әлі күнге дейін іздейді.

Сол Әлімбай Ізбай «Ақтөбенің» белсенді қызметкерлерінің бірі еді. Ол өмірінің соңғы сәтіне дейін қолынан қаламын тастаған жоқ.

Әлімбай әлі де қатарда. Оның жарқын бейнесі біздің жадымызда сақтала береді.

Әкімжан Оралбаев

Ең әуелі ол әріптестері түгел мойындаған қаламы ұшқыр журналист еді. Қазақтың мемлекеттік университетін 1963 жылы бітірген кәсіби журналист еңбек жолын бүгінгі «Ақтөбе» газетінің атасы «Батыс Қазақстан» өлкелік газетінен бастады. Ал ол 1965 жылы облыстық «Коммунизм жолы» газетіне айналған кезде жауапты хатшының орынбасары болып істеді. Арада екі жыл өткенде бөлім меңгерушілігіне жоғарылады. Заманның ағымына сай толып жатқан қоғамдық қызметтерді де қосып атқарды.1972-74 жылдары Мәскеуде оқып, Жоғары партия мектебін тамамдады,

Оқудан оралғаннан кейін облыстық газетте жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Марқұм Әбекеңнің шығармашылықпен шабытты жұмыс істеген жылдары облыстық газетте бас редактордың орынбасары болған кезі еді. Он жылға таяу жұмыс істеген осы жылдарды ол өзін көп қырынан таныта білді.  Жақсы ұйымдастырушы, қарымды журналист екенін көрсетті. Оның сол тұста қаламынан туған новеллалары, очерктері көркемдік шеберлігімен қазірде де әріптестерін тәнті етеді. Газеттің басшылығында болған кездегі білікті маманның ел ішіндегі жас таланттарды іздеп табуы, алғаш еңбек жолын бастаған қаламгерлерді тәрбиелеуі бір бөлек мектеп еді.

Осындай айтулы азаматтың өмір жолы қысқа болды, елуге де толмай дүниеден өтті. Оның 29 жылын журналистикаға, өзі қызмет істеген облыстық газетке берді. Ол Ақтөбе қаласында жерленген. Қабірінің басына қойылған құлпытасында Әбекеңнің «Коммунизм жолы» газетін оқып тұрған суреті бейнеленген.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

  1. Жаткан жериниз жайлы болсын Алимбай ага. Кезинде «Алтын орда» газетинде корректр болып жургенимде, сизбен бир кабинетте отырып едик. Оте акконил,  бауырмал единиз. Азилинизди айтуга типти созим жетпейді. Сол жылдары газеттин «Алем» бети сизсиз оз манин аша алмайтын да еди. Ал, туски асты «алтынорданын» шулаган кыздарымен бирге ишетинсиз. Ар кун сайын кыздармен бирге кезекшилик жасап, кезекши кунинизде бир кастрюль тамакты танертен акелип, «Макпал женгелериниз берип жиберди», деп столга коятынсыз. Сол кундер де  келмеске кетти-ау.     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button