Денсаулық

553 адам қан тапсырды

Апта

 Маусымның 1-і мен 7-сі  аралығында облыстың медициналық мекемелеріне  18775  адам қаралған. Олардың 521-і  1 жасқа дейінгі балалар болса, 5725-і — 14 жасқа дейінгі, 1823-і — 15 пен 74 жас аралығындағы азаматтар, ал 75-тен асқандар — 706 адам.

Бұл аптада облыста 422 бала өмірге келді. Оның 204-і — ұл, 218-і — қыз бала. Сондай-ақ  5085 адам тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Облыстың стационарларына 1822 адам жатқызылған (жоспарлы түрде — 563, шұғыл түрде — 1259), олардың 547-сіне ота жасалынған (жоспарлы түрде — 118, шұғыл түрде — 359). Сонымен қатар 59 адамға эндоскопиялық ота жасалды.

Апта ішінде  жоғары мамандандырылған медициналық көмекті 12 адам алды. Сондай-ақ 3 адамның жүрегіне ашық түрде ота жасалынып, 50 адамға  коронароангиография, 17 науқасқа стент қойылды. Бұл аптада облыста 553 адам қан тапсырды.

Жедел жәрдем көмегіне 3286 тұрғын жүгінсе, олардың  891-і — балалар.  Жазатайым жағдайлар бойынша 277 тұрғын, оның ішінде 27-сі  жол-көлік апаты бойынша, ал миға қан құйылу, жүрек ақаулары бойынша 60 адам жедел жәрдем шақыртқан. Осылардың ішінде ауруханаға 587 адам жатқызылды.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button