Ауыл

Көше көріктенеді

Ықылас

Ойыл селосының күн батысындағы бірыңғай жас отбасылары тұрып жатқан көшелердің бірі уақытында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Тұрғали Қаңтарбаевтың есімімен аталады. Қазіргі уақытта бұл аумақты көркейту жұмыстары қолға алынуда.  Атқарушы билік селоның бас жоспарына сәйкес ол көшелерге инфрақұрылымдарын тартуды да жеделдетіп отыр.

Жақында аталған көшедегі ең бірінші үйдің қабырғасына Тұрғали ақсақалдың ұрпақтары ескерткіш тақта қойып, ауласына тал екті. Салтанатқа қатысқан аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев жиналғандардың көшенің атын иеленген Тұрғали Қаңтарбаевтың өмір жолымен таныстырып, балаларына аудан әкімдігі атынан естелік сыйлық табыстады. Сөз алған ұрпақтарының бәрі де бірауыздан жаңа көшені абаттандыруға атсалысатынын айтып жатты. Осындай игі шараға ұйытқы болып жүрген сол әулеттің күйеу баласы Тұрар атаның бастамасы бүгінде көпке өнеге болып отыр.

Шара соңында Ойылдағы мейрамханалардың бірінде ауыл ақсақалдарына ас берілді.

 С.ИГЕНБАЕВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button