Ауыл

«Қайырымдылық бұрышы» бар минимаркет

Жас кәсіпкер Айнагүл Ізімованың өз бизнесін қолға алғанына көп уақыт болған жоқ. Ол алғашында жолдасы екеуі  «Даму» қоры  арқылы несие алып, пластик терезе-есіктер жасады. Іcінің алға басқанын көрген кәсіп иелері  бизнестерін кеңейтті. «Әсем» сауда дүкенін ашты.  Енді соны  минимаркетке айналдырды.

Бүгінде минимаркет есігі айқара ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Минимаркеттен азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін, шаруашылық тауарларын тұтынушы өз таңдауларына қарай ала алады.

Тауарлар кең бөлмеде әдемі орналастырылған. Сауда жасауға өте ыңғайлы, заманауи  үлгіде жабдықталған. Тек осы сауда орны арқылы кәсіпкер ауданның 5 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта  супермаркет салу да ойында бар.

Минимаркетте «Қайырымдылық бұрышы» ұйымдастырылған. Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға айына бір рет  тауар әдеттегіден төмен бағамен беріледі.

 М.Манарбекқызы,

Байғанин ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button