Жастар

Шағымыңыз бар ма?

Жаңа жоба

Қазақстан Студенттер Альянсы «Студенттік омбудсмен» атты жаңа жоба ұсынды. Осыған орай әрбір университетте студенттер құқығын қорғайтын

жастар сайланды. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын омбудсмендерге ашық түрде айта алады. Өткен бейсенбіде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде Арқалық, Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жастары бас қосып, дөңгелек үстел өткізді.

Студенттер омбудсменінің негізгі қызметі — студенттердің шағымдарын қарап,  олардың әлеуметтік тұрмысы мен құқықтары бұзылған жағдайда талқылап басшылыққа ұсынады. Студенттік омбудсмендер әр аймақтың жоғары оқу орындарында жұмыс жасайды. Ал дөңгелек үстел барысында олар өз облыстарында өткізіліп жатқан жұмыстарды талқылады. Қазақстан Студенттер Альянсының республикалық көшбасшысы Ермек Мақашев:

— Республика бойынша Алматы, Петропавл, Қарағанды және Ақтөбе тәрізді 4 қалада студенттер омбудсмендерінің басын қосып, өңірлік мектеп өткізуді шештік. Мұндағы мақсат — студенттік омбудсмендердің жұмысын қадағалап, оларды үйрету, — дейді.

Дөңгелек үстелде жастар жасалған жұмыстарына тоқталды. Ақтөбелік Қазақстан студенттер Альянсының көшбасшысы Айбек Басжанов жаңа жобаның жастар үшін тиімділігін айтты. Қаламызда оқу орындарының жатақханалары тексеріліп, студенттер арасында түрлі тақырыпта сауалнамалар жүргізілгенін әңгімеледі.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button