Жеңіс

Ерлікті баян еткен екі томдық

Таныстырылым

Сейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналып шығарылған «Қазақстандықтар — Ұлы Жеңістің батырлары» атты екі томдық кітаптың таныстырылымы өтті.

Шараға ақтөбелік Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтары, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты курсанттары мен жасотандық жастар қатысты.

Таныстырылым барысында «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ақылбек Сахиев туындының мазмұны мен маңыздылығына тоқталып, жиналғандарға кітап жөнінде өз ойын білдірді.

  • Тың туынды өткеннен сыр шертіп, тарихтан ой қозғайды. Батырлар ерлігін білгісі келетін әрбір жас осы кітапты оқып, өзіне керегін алуына болады. Бұл кітап сонау майданда ерлік көрсеткен батырлардың өмір жолы мен ерліктерін баяндайды, — деді ол.

Оның айтуынша, аталған қос томдық кітапқа Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерлік көрсеткен 615 Кеңес Одағы Батырының өмірбаяны енгізілген. Соның ішінде 35-і — Ақтөбеден шыққан батырлар. Ал сол жерлес батырлар туралы деректерді жинақтауға Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұжымы үлкен үлес қосқан.

Шара барысында ұйымдастырушылар кітаптың алғашқы даналарын Ә.Молдағұлова облыстық мемориалды музейіне, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мен батырлардың ұрпақтарына табыс етті.

 Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button