Спорт

Үш алтын — бізде!

Бәрекелді!

 Жақында Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен тірек-қимыл қозғалыс аппараттары зақымдалған мүгедек спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Кубогы және  жастар арасында ел чемпионаты өтті.

Оған барып қатысқан ақтөбелік спортшылардың қанжығасы майланып қайтты: үш спортшы үш алтынмен оралды.

Нақтырақ айтсақ, 45 келі салмақтағы әйелдер арасында Гүлім Құрманбаева 65 келілік зілтемірді жатып көтеріп, өзіне тең келер толағай жоқ екенін дәлелдеді.

Ал 61 келі салмақтағылар арасында Жанат Тәжікенова де 55 келіні оп-оңай көтере салды.

49 келі салмақтағы ерлер арасында бағын сынаған Азамат Марат 82 келі зілтемірді жатып көтеруден алдына жан салмады. Үш спортшыны пауэрлифтингке баулып, осындай ірі жарыстарға апарып жүрген — жаттықтырушы Сергей Ведюшкин.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button