Экономика

Арзан азық-түлік аудандарға да жетеді

 Баға

 «Ақтөбе» индустриялық аймағының мәжіліс залында «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының және облыстық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан басшыларының операторлары, «Базарларды басқару» ЖШС басшылығы қатысқан жиын өтті.

Жиында «Ақтөбе ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Бекенов өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бағытындағы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

— Қазіргі уақытта Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарымен байланыстар орнатылып, аталған аймақтардың арзан өнімдері ешқандай делдалдың араласуынсыз Ақтөбеге жеткізілуде. Көршілес Қостанай өңірімен де келіссөздер жүргізілуде. Осындай істер нәтижесінде ұйымдастырылған жәрмеңкелер тұрғындарды арзан да сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр, — деді ол.

Жиналыста «Ақтөбе ӘКК-нің «Жеткізушілер картасы» және «Сауда алаңы» ресми сайтындағы модульдермен жұмыс бойынша нұсқама беріліп, облыстың аудандары үшін еліміздің көршілес өңірлерінен азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізуді ұйымдастыру механизмдері талқыланды.

«Базарларды басқару» ЖШС директорының орынбасары Ерлан Тұңғышбаев қазіргі уақытта басқа аймақтармен азық-түлік жеткізуге байланысты қырыққа жуық келісімшарт негізі жасалғанын жеткізді.

Ендігі міндет — облыс орталығында жинақталған арзан азық-түлік түрлерін, көкөністерді аудандарға жеткізу. Осы шаруаны тиянақты жүзеге асыру үшін «Базарларды басқару» ЖШС, аудандар әкімшіліктері және аудан басшыларының операторлары арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Бұл құжат аудан тұрғындарына азық-түлік өнімдерін базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік береді.

 Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button