Білім

«Экстрим» — математикалық регатада бірінші!

Батыс Қазақстан аймақтық математика пәні мұғалімдері арасында өткен математикалық регатада облыс намысын қорғаған «Экстрим» командасы бірінші  орынды қанжығаға байлады.

Команда құрамында М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ұстаздары — Бауыржан  Жылгелдин мен Нұрбек Абдуллиндер болды. Математика пәні ұстаздарының білігі мен білімі сыналатын жарыста бұл ұстаздарымыз үнемі жүлдемен оралып жүр.

Заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, заман талабына сай шәкірттер тәрбиелеуде үнемі ізденіп жүретін жас мамандардың атқарып жатқан істері ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтсақ, О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты базасында өткен І республикалық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауында Б.Жылгелдин еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған математиктердің арасынан екінші орынды еншілесе, осы сайыста Н.Абдуллин екі мәрте сертификатқа қол жеткізді. Былтыр А.Жұмаділдаев бастаған ғалымдар төрелік еткен халықаралық сайыста есептің шешуін ғана таппай, оның құрылымынан бастап мұқият тексеруді талап ететін олимпиадада  мәреге жүзден жүйріктер ғана өтті. Бұл додада да жас ұстаздарымыз топ жарды. Қазір қос ұстаз қарашада Орал қаласында өтетін білім додасына дайындалып жатыр.

Г.ЖОЛАЕВА,

М.Құсайынов атындағы облыстық

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button