Білім

Маңызды бағдар

Білім

 Ақтөбе қалалық білім бөлімі, ғылыми-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен қала мектептерінің жаратылыстану пәні мұғалімдері арасында  «Білім беру мазмұнын жаңашаландыру жағдайында оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту — білім сапасын арттырудың маңызды бағдары» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік  конференция  өтті.

Конференцияда жаратылыстану пәні мұғалімдерінің білімі мен біліктілігі, кәсіби  шеберлігі, шығармашылығы, жаңа технологиямен оқытудың тиімді тәсілдерін  меңгеру деңгейлері, оқушыларды ғылыми  жұмысқа баулу және функционалдық  сауаттылық білімдері  сөз болды. Сонымен қатар оқушылардың  рухани  жан  дүниесі бай, жан-жақты жетіле  дамыған  жеке  тұлға  қалыптастыру  басты  мәселе екені айтылды.

Конференцияға Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымы Б.Иманғалиева  қатысып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жаратылыстану  пәні  мұғалімдері интерактивті  тақтаның мүмкіндігін  пайдалана  отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция жұмысы одан әрі секция отырысына жалғасты. Мұғалімдердің баяндамалары қызу талқыланды.

 А.САДЫҚОВА,

Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері.  

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button