Білім

«Шұғыланың» жүлдесі

Жақында Қарағанды қаласында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығы бойынша VII республикалық  пәндік олимпиада өтті.

Бес кезеңнен тұратын сайысқа 10 команда қатысты. Осы олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығының  студенттері — Қаламқас Киікбаева, Айгерім Мұңышова, Гүлдана Әбілхан және Ақерке Ермахановалар қатысты. Олимпаданың бірінші кезеңі — «Есімхат» сайысы жоғары балмен қорытындыланса, студенттер «Шығармашылық тоғысулар толқыны», яғни  материалдардың алуан түрінен шығармашылық жұмыстар орындады. «Келешекке  кемел біліммен…» атты пәндік тестілеу мен «Мектеп жасына дейінгі балаларды туған өлкесімен таныстыру» атты жоба қорғау сайысына да ақтөбелік студенттер жоғары дайындықпен барды.

Олимпаданың соңғы кезеңі — «Балаға деген махаббат, мейірім мен қамқорлық» сайысы балабақшада өтті.

Білім бәйгесінің қорытындысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығының  «Шұғыла»  тобы  жүлделі екінші орынды иеленіп, топ  жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жайнагүл Қартбаева Алғыс хатпен  марапатталды.

 А.НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button