Білім

Білім жүйесіндегі біріктіру

Семинар

 «Алға ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік  мекемесінің базасында ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім  беруді жүзеге асыру бағдарламасы аясында педагогтар мен мамандарға  әдістемелік  қолдау көрсету мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Алға  аудандық  білім  бөлімі ұйымдастырған облыстық семинар-практикум барлық аудандардан  қатысқан осы салаға жауапты мамандарды қамтыды. Мазмұнды басқосуды білім  бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Роза Берғазина кіріспе сөзбен ашып, басты тақырыптың мәніне тоқталды.

Аталған институттағы мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық дамуын  жетілдіру кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының  кандидаты, доцент Айгүл Қаплиева көптің көңілінде жүрген сауалдарға жауап берді және уақыт  талабына сай мемлекеттік деңгейде қолға алынған маңызды мәселені жүзеге  асырудағы аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарлығаш Бошанованың ұйымдастырушылық, орындаушылық белсенділігін атап өтті.

Өз кезегінде Қарлығаш Бошанова алдын ала дайындалған слайдты пайдаланып,  ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізудің тиімді  жолдары мен нормативтік құжаттарды қолдану, жергілікті әлеуметтік  қамту  мекемесімен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларға  қоғамдық  қолдау  көрсету, педконсилиум жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс тәжірибесімен бөлісті.

Алғадағы №4 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ализа Жупалиева «Мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиумның жұмыс  жүйесі», бастауыш сынып мұғалімі Мырзагүл  Қожахметова  «Мүмкіндігі шектеулі  оқушымен жұмыс» туралы қажетті  құжат түрлерімен таныстырды.

Семинар соңында  «Ашық микрофон» жағдайында қатысушылар маңызды  басқосудан алған әсерлерін білдірді.

 Сағадат  МҰСАҒАЛИЕВА,  

Алға  аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері.           

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button