Ресми

Тағайындау

Ақтөбе қаласының әкімі Б.Сағынның өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы болып Серік Бақбергенұлы НӘБИ тағайындалды

С.Б.Нәби 1983 жылы туған. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін заңгер біліктілігі бойынша, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.

«Алға ауданының әділет басқармасы» ММ жетекші маманы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс жасады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button