Денсаулық

Зардабы жоқ деп қалмаңыз

Жыл сайын күз мезгілінің басталуымен тұмаудың өршуі қатар келеді. Тұмаудың ауа арқылы жұғатыны баршаға мәлім. Бұл сырқатты жыл сайын халықтың 5-15 пайызы, ал жабық ұжымдарда тіпті 60 пайызы жұқтырады. Оны кейбіреулер елемей, жүрдім-бардым емделеді, алайда, ол өте қауіпті сырқатқа жатады.

Сырқаттанған жағдайда, науқас дәрігерге қаралып, тағайындалған дәрі-дәрмекті ішіп, үйде жатып тиянақты емделуі қажет. Тұмау, әсіресе, балалар, қарттар, жүкті әйелдер, бүйрегі, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар үшін өте қауіпті, өйткені ол түрлі асқынулар, соның ішінде өкпе қабынуын да тудырады.

Тұмау індеті кезінде тұрғындардың жартысына дейіні осы ауруға шалдығады, олардың ішінде жүкті әйелдер де бар. Жүкті әйелдер үшін бұл қауіпті. Ол жүктіліктің қалыпты өтуіне, шарананың дұрыс дамуына қауіп төндіреді. Жүкті әйелдерді емдеу қиын, өйткені жатырдағы балаға кері әсер ететіндіктен, бұл кезде дәрі-дәрмек ішуге болмайды. Жүктілік кезінде әйел ағзасы мүлде өзгереді, ағза қандай да бір дәрежеде әлсірейді. Жүктіліктің алғашқы үш айында әйел арқылы ұрыққа вирус жұққан жағдайда, сәбиде даму ақаулары болуы, жүктіліктің дамымай қалуы, әйелдің түсік тастауы мүмкін. Вирус жүктіліктің алғашқы үш айынан кейін жұққан жағдайда, ұрық дамуының жатырішілік кешеуілдеуі және оның инфекциямен зақымдалуы орын алады. Әйелдегі тұмау қаншалықты ауыр өтсе, оның ұрыққа тигізер зардабы да соншалықты ауыр.

Тұмау жұқпасы ана сүті арқылы берілмейді, сондықтан бала емізіп жүрген әйелдер ауырған жағдайда міндетті түрде маска киюі қажет. Балаға қарап тыныс алуға болмайды.

Тұмаудың алдын алудың бірнеше жолы бар. Олар: егу, дәрі-дәрмек қолдану, халық емі. Соның ішінде ең тиімдісі тұмауға қарсы вакцина болып табылады. Вакцина тұмауға қарсы ерекше иммунитет тудырады, нәтиже болуы үшін 1-2 рет егу қажет, материалдық шығыны аз, тиімділігі жоғары, теріс әсерлері төмен, қарсы көрсетілімі жоқ десе болады, жас сәбилерге де (6 айдан бастап) қолдануға болады.

Қазақстанның бүкіл аумағында 1 қазан мен 15 қараша аралығында тұрғындардың ауруға бейім топтары егілуде. Оларға 60 жастан асқан қарттар, созылмалы аурулары бар ересектер мен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, сондай-ақ барлық дәрежедегі медицина қызметкерлері, құс фабрикалары мен жеке фермерлік құс шаруашылықтарының жұмысшылары жатады. Тұрғындардың қалған бөлігі медицина мекемелерінде дәрігердің ұсынысымен ақылы түрде егіле алады.

Қазіргі уақытта тұмау ауруының алдын алуға және емдеуге инфлюцид өте тиімді болып табылады.

Инфлюцид интерферонның ең күшті табиғи индукторы болып табылады. Оны пайдаланғанда науқас ағзасы тез арада қалпына келеді.

Гүлбану АЙБЕРГЕНОВА,

дәрігер.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button