Спорт

6 команда алаңға шықты

Өткен аптада «Мұнайшы» стадионында Ақтөбе гуманитарлық-техникалық әмбебап мультипрофильді колледжінің оқытушылар құрама командасы мен колледж оқушылары арасында футболдан жарыс өтті.

Жарысқа колледжден 6 команда қатысты.

Әсіресе, «Құқықтану», «Банк ісі», «Есептеу техникасы мен автоматты жүйелерді программамен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша оқитын оқушылар белсенді болды.

Әр команда ойыншылары футболды мейлінше қыздырды, жақсы ойын ұсынды.

Ерекше көзге түскен Нұрсұлтан Қозыбаев, Азамат Төребеков, Асланбек Ідірісов, Нұржан Таңатаров және Азамат Төлебаев жарыстың үздік ойыншылары атанды. Бұл жарыстан соң, облыстық спартакиадаға қатысатын колледждің құрама командасының ойыншылары да іріктелгендей болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

А.ІДІРІСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button