Ресми

Байқау

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған «Батаменен ел көгерер» атты бата байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Ақтөбе қалалық білім бөлімі және қалалық ішкі саясат бөлімі Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мейрамына» арнап «Батаменен ел көгерер» атты  бата байқауынөткізеді.

Байқау _____ наурызда өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

– ата-бабаларымыздан қалған бай мұрамызды жаңғырту;

– жас ұрпақты иманды, мейірімді, зерделі, арлы болып өсуге баулу;

– қала тұрғындарының мәдени шараларға белсене қатысуына мүмкіндік жасау.

Байқаудың шарттары мен талаптары:

«Баталы сөз — аталы сөз» демекші,  жарысқа 7-70 жас аралығындағы бата  білетін барлық қала тұрғындары қатыса алады.

Байқауда оқылатын Наурыз мерекесіне, ас қайыруға, жаңа түскен келінге, құтты қонаққа, елге,  т.б. арналған бата 4-5 шумақ болуы тиіс. Талапкерлер жазбаша түрдегі мәтінін конвертке салып, сыртына толық аты-жөнін, жасын, мекенжайын  жазып тапсыруы қажет.

Байқаудың алғашқы іріктеу туры жабық түрде қалалық Мәдениет үйінде өтеді. Таңдап алынған баталар екінші кезеңге жолдама алады.

Марапаттау рәсімі:

Байқау жеңімпаздарын ұйымдастыру алқасы бекіткен қазылар алқасы бағалайды.

Қазылар алқасы талапкерлердің батасының мазмұндылығына, киім үлгісіне, әртістік шеберлігіне және сахна мәдениетіне баса назар аударады.

Талапкерлер жас ерекшелігіне сай бағаланып, марапатталады.

7 – 16 жеткіншек жасы

17 – 30 жас жігіт жасы

31 – 50 отағасы

51 – 70 ақсақал жасы

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

– Қазылар алқасы қандайда жүлдені бермеуге, жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы.

– Байқау жеңімпаздары Ақтөбе қаласы әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

– Байқауға қатысу үшін өтініштер 4 наурызға дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:

Ш.Уәлиханов, 9 «а», қалалық Мәдениет үйі. (Акация  немесе Орталық базар аялдамасы, «Астана» және «Аққу» сауда үйлерінің ортасында орналасқан екі қабатты  ғимарат)

Байланыс телефондары: 24-28-55, 73-84-90, 21-77-20, факс: 22-24 -03.

 «Ақтөбе қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

 

 

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күніне  арналған «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты асыл әжелер арасындағы қалалық байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен қалалық Мәдениет үйі 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты асыл әжелер арасындағы қалалық байқауын өткізеді.

 Байқаудың мақсаты:

қазақтың жасы үлкен аналарын ұлықтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту;

– қазақ елінің үш бақытының бірі — мемлекеттік тілді дамыту;

– өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттау;

– байқау арқылы қаламыздың зерделі әжелерінің тапқырлығын, білімділігі мен

көрегенділігін анықтау;

– ата-салтымыздың асыл мұрадай қазынасын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін

ұрпақтың бойына ұлағат ету.

Байқауға қаламызда тұратын 60-70  (70 жас кіреді) әжелері қатыса алады.

 Байқау шарттары:

  1. «Мен, әжемін, ұрпағын әлдилеген» — таныстыру — 3 мин.
  2. «Ескірмеген есті сөздер» — сұрақ-жауап (1-тыйым сөздерін айту, 2 –тұрақты тіркестен құралған сөйлемнің мағынасын түсіндіру) 2 мин.
  3. «Әжелердің таңсық тағамы-ай» — үй тапсырмасы (ұмытылып бара жатқан ұлттық тағам әзірлеу және таныстыру)
  4. «Шебердің қолы алтын» — жүн сабау мен ұршық иіруден жарыс.
  5. «Салтын сыйлаған ел озар» салт-дәстүрден көрініс көрсету (әжелер бесікке салу, тұсау кесу, т.б. көріністерді отбасымен бірге көрсетуі тиіс).

 Марапаттау рәсімі:

Байқау жеңімпаздарын ұйымдастыру алқасы бекіткен қазылар алқасы бағалайды.

Қазылар алқасы бағалау барысында:

– сахна мәдениетіне;

– киім үлгісінің үйлесімділігіне, әртістік қабілетіне;

– парасаттылығы мен көрегенділігіне;

– өнері мен шеберлігіне баса назар аударады.

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

– Қазылар алқасы қандайда жүлдені бермеуге, жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы.

Байқау жеңімпаздары Ақтөбе қаласы әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Өтініш төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:         

Ш.Уәлиханов, 9 «а», қалалық Мәдениет үйі. (Акация  немесе Орталық базар аялдамасы, «Астана» және «Аққу» сауда үйлерінің ортасында орналасқан екі қабатты  ғимарат)

Байланыс телефондары: 24-28-55, 73-84-90, 22-24 -03.

 

«Ақтөбе қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

 

Сайысқа қатысқан әжелер төмендегі номинацияларға ие болды:

«Парасатты әже»;

«Ұлағатты әже»;

«Білгір әже»;

«Өнерлі әже»;

«Әдемі әже»;

«Ұлттық дәстүрді ұлықтаған әже»;

«Тағамы тіл үйірген әже».

Наурыз мерекесіне арналған «Ең үздік ауыл» және «Ең үздік ағаш үй» қалалық байқауының ережесі

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай қала кәсіпорындары мен мекемелері арасында қала әкімдігі «Ең үздік ауыл» және «Ең үздік ағаш үй» қалалық байқауын жариялайды.

Байқау 2016 жылдың  21-22 наурызында өтеді.

Байқаудың мақсаты:

тарихымызды, өткеніміз бен бүгінгіні қастерлеу;

– ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды дәріптеу;

– данышпан халқымыздың даналығын, ұлылығын насихаттау;

– ұлттық мерекелерді, соның ішінде Наурыз мерекесі маңыздылығының тереңдігін, қадір-қасиетін кейінгі ұрпаққа жеткізу;

– қала кәсіпорындары мен мекемелерін қаламыздың мәдени өміріне баулу.

 Байқаудың талаптары:

Байқауға қатысушы кәсіпорын, мекемелер өз ауылының аталуына сай киіз үй сыртын безендіруі тиіс, яғни әр үй маңдайшасына ауылдың аты жазылса, үйдің жанына сол ауыл және мекеме туралы толық мағлұмат берілуі керек (мысалы, Әбілқайыр хан ауылы болса, арғы тарихты қозғай отырып, Әбілқайыр хан туралы және мекеме туралы мәлімет).

Сонымен бірге, халыққа арналған Наурыз мерекесіне байланысты түрлі құттықтаулар, көрнекі құралдар болуы шарт.

Әр ауылдың жанында ән-жыр айтылып, алтыбақан, арқан тартыс, асық, қазақша күрес секілді ұлттық ойын-сауық ойнатылуы керек.

Байқау қатысушылары сыртқы үлгісі ұлттық нақышта безендірілген ағаш үйдің ішінде де өзінің тәртібі бойынша безендірулері тиіс. Киіз үйдің іші төр, сол жақ, оң жақ, от орны болып төрт бөлімге бөлінеді. Үйдің ішін безендіргенде міндетті түрде кілемдер, киіздер баулары мен басқұр, арқандар мен аңдар терілері, аңшы мылтығы, өрілген қамшы, ұлттық аспап — домбыра болуы тиіс.

Үй жиһаздары кебеже, адалбақан, сандық, жүкжапқыш, жүк-аяқ, орамал, сүлгі, көрпе, тулақ, төсеніш, жастық, кесе қап, аяқ қап, дастарқан қобдиша, қоржын және т.б. болуы керек. Сонымен қатар, ұлттық ыдыстар  — саба, мес, торсық, қазан, қарын, құмыра, келі, піспек, самаурын, құман, шәйнек, ожау, сүзгіш, саптаяқ және т.б. болғаны дұрыс.

Алдын ала дайындалған ұлттық тағамдар – қымыз,шұбат, бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, құрт-ірімшік, сарысу, сүзбе және т.б. тағам түрлері болуы шарт. Халыққа дәм татқызуға міндетті түрде «Наурыз көже» және бауырсақ болуы керек.

Әр мекеме киіз үйдің ішкі және сыртқы құрылысын, ішіндегі жиһаздарын білуге тиіс.

Марапаттау:

«Ең үздік ауыл» және  «Ең үздік ағаш үй» номинациялары бойынша жүлделі орындар анықталып, байқаулар қорытындысы бойынша жеңімпаздар қала әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 «Ақтөбе қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

 

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған жігіттер арасында

«Ұлы даланың тарланы» қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен  «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және қалалық Мәдениет үйі  «Ұлы даланың тарланы» атты сері жігіттердің  арасында қалалық байқау өткізеді.

 Байқаудың мақсаты:

  1. Ата-салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру, еліне, жеріне деген махаббатын арттыру.
    2. Байқау талапкерлерінің бойындағы қабілеттерін көрсету арқылы отаншылдық рухын оятып, отансүйгіштік сезімін жетілдіру.
  2. Жастарды қайсарлыққа, қарапайымдылыққа, халқының тегін,тарихын білуге насихаттау.
  3. «Ердің ерлігі, ердің төрелігі ердің ақылында» дей отырып, әр қатысушының ойлау қабілеті мен қатартапқырлығын анықтау.

Байқау шарттары:

«Өзге емес өзім айтам, өз жайымда» — (Өзін-өзі таныстыру, өз қалауы бойынша, яғни: эстрада, домбыра, гитара, т.б сүйемелдеуге болады) — 3 мин.

«Күш — атасын танымас» — ( арқасына  салып қойды көтеру)  — 2-3 мин.

«Мен — қайсар елдің ұланымын» — армрестлинг (арнайы мамандардың бақылауында байқау қатысушылары өз ара күш сынасады) — 3 мин.

«Сегіз қырлы – бір сырлы» — ұлттық өнер сайысы – (ән, би, күй өз қалауы бойынша өнер көрсетеді) – 3 мин.

Байқауда қазылар алқасы:

сахна мәдениетіне;

– өзін-өзі ұстау қабілетіне;

– бойындағы ер жігітке тән қайсарлықты қолдана білуіне;

– әдеби сөйлеу мен кәсіби рөл сомдай алуына  баса назар аударады.

 Марапаттау рәсімі:

Байқау жеңімпаздарын ұйымдастыру алқасы бекіткен қазылар алқасы бағалайды және жеңімпаздар Ақтөбе қаласы әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

– Қазылар алқасы қандайда жүлдені бермеуге, жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы.

Байқауға қатысуға өтішіндер наурыз айының 10-ына дейін төмендегі мекенжайда қабылданады:

Ш.Уәлиханов, 9 «а», қалалық Мәдениет үйі. (Акация  немесе Орталық базар аялдамасы, «Астана» және «Аққу» сауда үйлерінің ортасында орналасқан екі қабатты  ғимарат)

Байланыс телефондары: 24-28-55, 21-77-20, 73-84-90, факс: 22 -24 -03.

 «Ақтөбе қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

Наурыз мейрамына арналған «Пах, шіркін, қазақтың келіндері-ай» атты жас келіндер арасындағы қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» және қалалық Мәдениет үйі Наурыз мейрамына орай жас келіндер арасында «Пах, шіркін, қазақтың келіндері-ай» атты қалалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

 – байқау арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттау;

– байқау шарттары арқылы  ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт- дәстүрлерді жаңғырту;

– ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен әдептілік, ізеттілік пен сыпайылық, еркелік пен ұстамдылық, бұлалық пен инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді ұрпақ санасына сіңдіру;

– әйел адамның қоғам алдындағы рөлін көтеру, гендерлік саясатты дамыту;

– әрбір шаңырақтың ұйытқысына айналған жас келіндердің  қаламыздың қоғамдық-мәдени шараларына белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

Байқаудың өткізілу шарттары:

Байқауға тұрмыс құрғанына 3 жылдан аспаған кез келген жас келін қатыса алады.

Байқау бір кезеңнен, 5 шарттан тұрады:

 

  1. «Менің отбасым — менің бақытым!» — ұлттық киімде өзін және отбасын таныстыру. (Әрбір қатысушы театрландырылған көрініс ретінде өзінің отбасын таныстырады. Көрініске отбасы мүшелерін қатыстыруға болады) – 3-5 мин.
  2. «Шешеннің сөзі өткір, тапқырдыңойы ұшқыр» — ұлттық салт-дәстүрге арналған сұрақтарға жауап беру – 2 мин.
  3. «Бармағынан бал тамған…» — үй тапсырмасы. (қатысушылар үйлерінен ұлттық тағам әзірлеп әкеледі) — 3 мин.
  4. «Шын көңілмен…» — ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жас келіндердің сый-сияпаты. (Байқау талапкерлері сахна төрінде өз өнерлерін тарту етеді, мысалы, ән, би, дәстүрімізге сай қолөнер шеберлігін танытып, қолдан  құрақтан көрпе, кесте тоқу,  өрнекті бұйымдар, т.б.) – 3-4 мин.
  5. «Талайды тамсантқан – сән әлемі» — дефиле. (Жас келіндердің ерекше ұлттық киімдерде дефиле) – 3 мин.

Байқаудың бағалау шарттары:

Қазылар алқасы бағалау барысында жас келіндердің:

– біліміне, қазақ келініне тән парасаттылық, инабаттылық сынды қасиеттеріне,  ақылдылығына, тапқырлығына;

– жан сұлулығы мен тән сұлулығына;

– сахна мәдениеті мен сахналық киіміне;

– өнері мен шеберлігіне баса назар аударады.

 Талапкерлердің өнерін ұйымдастыру комитеті бекіткен қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасы қандайда жүлделі орынды бермеуге, бір жүлделі орынды екі жеңімпаз арасында бөлуге құқылы.

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

 

Марапаттау

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары қала әкімі атынан диплом, бағалы сыйлықтар және гүл шоқтарымен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін өтініштер 2016 жылдың наурыз айының 5-ші жұлдызына дейін қалалық Мәдениет үйінде қабылданады.

 

Мекенжайымыз: Ақтөбе қаласы,  Ш.Уалиханов көшесі, 9 «а», 1-қабат, 6- бөлме. Тел: 24-28-55, 21-77-20, 22-24-03, 24-66-82, 73-84-90.

 

 «Ақтөбе қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

 

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күніне арналған бұрымы ұзын арулардың арасында өтетін «Ай-керім» қалалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 Қала әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және қалалық мәдениет үйі, 22 наурыз — Ұлыстың Ұлы күніне арналған бұрымы ұзын арулардың  арасында «Ай-керім» қалалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

– байқау арқылы елін, жерін, дәстүрін сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу;

– қазақ аруларын «болашақ ұрпақтың тәрбиелеушісі» ретінде қадірлей отырып, олардың бойындағы ұлттық тәрбиені жастарға үлгі ету;

– арулардың  қабілеттері арқылы халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін насихаттау;

– арулардың қалалық  қоғамдық-мәдени шараларына белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

Байқауға бойы 165 см кем емес, шашының ұзындығы 90 см асатын кез келген  ақылына көркі сай, қолаң шашты  ару қатыса алады.

Байқау шарттары:

«Мен қазақтың қызымын…» —  өзін-өзі таныстыру / қос бұрым өрген, ұлттық киімдегі арулар дефиле жасайды. Дефиледен соң, өздерін таныстырады/ — 2 мин;

«Бұрымды қыз-зерделі» —  қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына байланысты сұрақ-жауап — 5 мин;

«Сұлулық сыры» — жарнама (арулар өздерінің шаштарын күту әдісін жарнамалауы тиіс) — 2 мин.

«Білектей арқасында өрген бұрым» —  арулардың шаштарына кәсіби мамандар арнайы өрімнен  шаш үлгісін жасайды — 3 мин;

«Өнерлінің өрісі кең» — ұлттық өнер сайысы — (ән, би, күй, қол өнер бұйымдары, т.б. өз қалауы бойынша өнер көрсетеді) — 3 мин.

Марапаттау рәсімі:

Байқау жеңімпаздарын ұйымдастыру алқасы бекіткен қазылар алқасы бағалайды.

Қазылар алқасы бағалау барысында бұрымды арулардың:

– сахна мәдениетіне;

– өзін-өзі ұстау қабілетіне;

– киім үлгісінің үйлесімділігіне, әртістік қабілетіне;

– жан сұлулығы мен тән сұлулығына;

– сахна мәдениеті мен сахналық киіміне;

– өнері мен шеберлігіне баса назар аударады.

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

– Қазылар алқасы қандайда жүлдені бермеуге, жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы.

Байқау жеңімпаздары Ақтөбе қаласы әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Өтініш төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:         

Ш.Уәлиханов, 9 «а», қалалық Мәдениет үйі. (Акация  немесе Орталық базар аялдамасы, «Астана» және «Аққу» сауда үйлерінің ортасында орналасқан екі қабатты ғимарат)

Байланыс телефондары: 24-28-55, 73-84-90, 22-24 -03.

 

«Ақтөбе қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button