Ресми

Тәуелсіздік жылнамасы

1-5 ақпан

1992 жыл
2 ақпанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясының Давос қаласында болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мәселелері бойынша Бүкілодақтық экономикалық форумның арнайы пленарлық отырысына қатысты. Осы күні Елбасы Қазақстанның Халықаралық валюталық қорға кіруіне байланысты аталған қордың және Бүкілодақтық банктің басшылығымен кездесті.
3 ақпанда Алматыда Америка Құрама Штаттарының Қазақ¬стан Республикасындағы елшілігінің ашылу салтанаты болды. Бұл республикамыздағы шет мемлекет¬тердің тұңғыш елшілігі болатын.
3 ақпанда Швейцария Конфедерациясына келген сапарында Елбасы Н.Назарбаев венгриялық «Nepszabadsag» газетіне Қазақстан туралы, Қазақстанның нарықтық экономикаға және демократиялық саяси жүйеге көшуі жөнінде сұхбат берді.
1993 жыл
4 ақпанда республикамызда алғаш рет газ-мұнай саласындағы кәсіпорынмен бірлесе — Қазақстан-Түрік «ҚазақТүрікМұнай» кәсіпорны құрылды.
1994 жыл
28 қаңтар-1 ақпанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Давос қаласында өткен (Швейцария) Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысты.
1998 жыл
30 қаңтар-2 ақпанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Елбасы форумда Каспий теңізінің көмірсутегі шикізатын игеру және тасымалдау мәсе¬ле¬лері жөнінде баяндама жасады. Форум барысында Н.Назарбаев Швейцария конфедера-циясының Президенті Флавио Коттимен, Бразилия Президенті Ф.Энрике Кардозумен және Болгария Прези¬денті Петр Стояновпен кездесу өткізді. Бұл кездесулерде банк істерін, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, минералды ресурс¬тарды өндіру және ұқсату салаларындағы ынтымақ-тастықты дамыту үшін осы елдердің жекеменшік ком¬панияларының қаржы ресурстарын тарту мәселелері талқыланды.
1999 жыл
3 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі шекара туралы Қазақстан-Қытай келісімін бекітті.
2000 жыл
«Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
2002 жыл
«Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2003 жыл
2003-2005 жылдар «Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
2005 жыл
4 ақпан. ЕурАзЭҚ ұйымына мүше мемлекеттердің вице ¬премьерлері кездесті. Ұйымға мүше Қазақ¬стан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан елдерінің өкілдері интеграция¬лық комитеттің 22-ші отырысын өткізді. Сол жолы 6 негізгі құжатқа қол қойылды.
Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2008 жыл
1 ақпан. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қорғаныс департаменті арасында 2008-2012 жылдарға арналған бес жылдық ынтымақтастық жоспарының орындалуына қатысты өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Консультациялар жыл сайын Қазақстан-американ әскери ынтымақтастығының жағдайы мен келешегіне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
2009 жыл
3 ақпан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Германия Федеративтік Республикасында болды. Президент сапар барысында Германия Федеративтік Республикасының Федералдық президенті Хорст Келермен және канцлер Ангела Меркельмен кездесті.
2010 жыл
• Кеден одағы іске кірісті.
• Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Қазақстандық төрағалықтың ұраны — төрт «Т» – «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік).
2011 жыл
30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қазақстанда тұңғыш рет Қысқы Азия ойындары өтті. Спорт бәсекесінде еліміздің спортшылары 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальді иеленіп, құрлықтағы 26 елдің арасынан алғашқы орын алды. Ақ Азиада қазақ қоғамына айрықша рухани серпіліс сыйлады.

Интернет материалдары бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button