Білім

Үміт ақтайтын үздіктер

Бейсенбі күні облыстық білім басқармасы мен «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз ел мақтанышы» атты халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерге жеткен оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Аталған шараға «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының қызметкерлері, ұстаздар, техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, мектеп оқушылары қатысты.
Шарада облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова облыстық білім басқармасының атынан 28 оқушыға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар ұсынды. Марапатталғандардың арасында облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің, Жайсаң арнайы білім беру ұйымының, Мәртөк ауданындағы №2 мектеп-гимназияның, сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы №20, №30, №48, №25 орта мектептің оқушылары бар.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button