Билік

Уақыт жаңа қадамдар күтеді

Ірі кәсіпорындардың ішкі рынокқа қайта бағытталуы – дағдарыстан шығу үшін маңызды жолдардың бірі. Бұл шағын және орта бизнеске қолдау болып қана қоймайды, сондай-ақ облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесіне игі әсер етеді.

Бейсенбі күні облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлер кеңесі отырысында айтылған көп ұсыныстардың бірі – осындай.

Облыс әкімі қазіргідей күрделі шақта әлемдік қаржы дағдарысын жеңу мақсатындағы тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру жолында жергілікті билік органдары мен бизнес құрылымдары арасындағы қарым-қатынас нығая түсуі керек деп есептейді.

Бүгінде бизнесте проблема аз емес болып шықты: тендерлердің ашық түрде өткізілмеуі; шетелдік компанияларда қазақстандық үлес мөлшерінің төмендігі; өткізу көздерінің жоқтығы себепті дайын өнімдердің қоймаларда тұрып қалуы; сондай-ақ екінші деңгейлі банктерде несие қорларының пайыздық мөлшері жоғары болып отыр. Пайыздық мөлшерді бірыңғай жоғары көтеру және несиені шетелдік валютаға ыңғайлау, бизнесмендер пікірінше, құнсыздану жағдайында кәсіпкерлерді шығынға апаратын жол. Бақылаушы құрылымдар тарапынан мораторий мерзімі бітісімен-ақ басталып кеткен қаптаған тексерулер де қалыпты жұмысқа кедергі келтірмей қоймайды. Қаржыландыру мен тауарды өткізу қиындап отырған қазіргі жағдайда, кәсіпкерлер пікірінше, түрлі тексерулер қаржылық, ұйымдастырушылық және психологиялық жағынан үлкен жүк болып табылады әрі басқа да проблемалар туындатуы мүмкін.

Ал бастысы – бүгінде кәсіпорындарда тапсырыстар азайды. Бірақ бұл проблеманы да сәтті шешуге болады екен. Негізінен, «Қазхром» ТҰК» АҚ облыс орталығы кәсіпорындарында жасақтаушы бұйымдарға тапсырыстар беру бойынша бағдарлама жасады. Қазірдің өзінде оларды «Ақтөберентген» АҚ-да шығаруға келісім-шарт жасалды. «АЗХС», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сияқты ірі кәсіпорындар да тауарлы-материалдық бұйымдарды және қызметтерді сатып алуға тапсырыстарды осында орналастыруды жоспарлауда. «Ақтөбе облысы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» қоғамдық бірлестігі атқарушы директоры Анатолий Марченко бұл процеске облыстың басқа да кәсіпорындары қосылуы қажет деп санайды.

Кеңес отырысында сөз алған құрылыс компанияларының өкілдері бүгінгі күні құрылыс саласының қиындықтарға кезігіп отырғанын атап өтті. Сондықтан да құрылысқа мемлекеттік тапсырыстарды алуда оларға биліктің атқарушы органдарының оң ықпал жасағандарын қалайтындықтарын жасырмады. Ал бұл ретте тендерге қатысу үшін оларға қазір осы жылға арналған құрылыс және жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қажет. Мұнда оларға қатысу үшін бірінші кезектегі басымдық шетелдік компанияларға емес, жергілікті құрылысшыларға берілгені дұрыс болар еді.

Кәсіпкерлер кеңестің мәжілісіне өздерінің проблемалары туралы айтуға ғана емес, сондай-ақ дағдарысты жағдайдан шығуға қатысты нақты ұсыныстармен де келгендігін атап өту қажет. Олардың пікірінше, сөз бүгінгі күні билік пен бизнестің корпоративті жауапкершілігі туралы болып отыр.

Елеусін Сағындықов өз тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты көмек пен қолдау жасайтындығын білдірді. «Сіздер осында мәселелерді дұрыс көтеріп отырсыздар, – деді облыс басшысы жиналғандарға, – оларды шешуіміз қажет». Әкім облыстың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жүріп жатқан процестерді мемлекеттік реттеу сияқты биліктің атқарушы органдары мен бизнестің бірлескен әрекетіне де дағдарыс жағдайында түзетулер енгізілуі қажет деп есептейді. Осындай жағдайда ғана қаржылық дағдарыстың қолайсыз салдарларын жеңуге болады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ізбақ Өмірзақовтың пікірінше, орын алып отырған проблемаларды неғұрлым тиімді шешу үшін кәсіпкерлер  биліктің жергілікті атқарушы органдарына, Үкіметке және «Атамекен» республикалық одағына барлық түсетін ұсыныстарды енгізіп, түзетуге құқылы ұйымдық құрылымдарды айқындауы тиіс. Ал бұл үшін келісілген әрекеттер мен ұсыныстарды жасау қажет.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі ағымдағы жылдың сәуір айында республикада «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қабылдау жоспарланып отырғандығын еске салды. Жаңа заңға сәйкес, олар құратын құрылым жетілдіріліп, ал кәсіпкерлердің барлық проблемалары мен ұсыныстары бизнестегі жағдайларға арналған облыстық конференцияда қаралатын болады.

Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button