АуылРесми

Новый ауылдық округінің әкімі Бақыткелді Кеңесұлы МЫҢЖАСАРДЫҢ 2015 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Новый ауылдық округінің жер көлемі 26 994 гектарды құрайды, халық саны — 11 200 адам.
Округте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 15 шаруа қожалығы, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив айналысады.
Ел Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауындағы тапсырмаларды, мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысында, Новый ауылдық округінің әкімдігімен мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылдың 1 қаңтарына округте 1134 ірі қара, 4447 қой-ешкі, 201 жылқы, 50 түйе, 25 шошқа, 1486 құс бар. Малдарды бруцеллез, туберкулез ауруларына тексеру мақсатында ветеринарлық шаралар уақытылы жүргізіледі.
Екі елді мекенде 44 дүкен, 2 кафе, 7 монша мен 4 шаштараз, жиһаз дайындау цехы және автокөлік жөндеу шеберханасы, тігін цехтары, барлығы 73 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасайды.
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 5 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында 13,5 млн. теңге шағын несие және 4 адам «Даму» акционерлік қоғамының «Несие», «Кәсіпкер» бағдарламалары арқылы мал шаруашылығымен айналысу және қоғамдық монша ашу үшін несие алды.
2015 жылғы қыркүйекте сметалық құны 866 млн. теңгені құрайтын жаңа 600 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Новый орта мектебі 2015-2016 оқу жылында республикадағы 30 пилоттық мектептің, ал облыс бойынша екі мектептің бірі болып жаңартылған 12 жылдық оқуға көшу бағдарламаласы апробациядан өтуде.
Ескі мектептердің 2 ғимаратын тиімді пайдалану мақсатында, жасөспірімдер мен балалар арасында туризммен айналысатын «Қалалық жас туристер стансасы» ММ мен «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК ашылды. Бұл мекемелерде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай би, сурет, домбыра, тігу, спорт, т.б. түрлерінен үйірмелерге қатысуға мүмкіндіктері бар.
Округ аумағындағы екі елді мекенде жаңадан салынған дәрігерлік амбулаториялар жұмыс жасайды. Барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, дәрігер мамандар жеткілікті.
Соңғы жылдары тұрғын үй салушылар есебінен қарқынды дамып келе жатқан Жаңақоныс ауылының басты проблемаларының бірі «Бірлік», А, В кварталдарына ауызсу мәселесі болатын, 2015 жылдың тамыз айында жалпы құны 541 млн. теңгені құрайтын ауызсу желісі іске қосылды. Сонымен қатар «Бірлік» кварталына электр жарығын жүргізу жұмыстары. Жаңақоныс ауылының ескі бөлігіндегі су құбырына жалпы құны 265,6 млн. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, есепті жылы «Тұрғын үй шаруашылығын терможаңғырту» бағдарламасы аясында Жаңақоныс ауылындағы 83 пәтерлі көп қабатты №2 үйдің төбе жамылғысы, жертөледегі ыстық, салқын су, кәріз, жылу құбырлары, электр желілеріне жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың сметалық құны 18 млн. теңгені құрады.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген 14,4 млн. теңгеге спорт алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Округ әкімдігінде жоғары атқарушы органдар мен мәслихаттардың нормативтік актілері үнемі бақылауда ұсталады.
Новый ауылдық округі әкімінің аппаратына 47 жеке тұлғадан және 1 заңды тұлғадан барлығы 48 өтініш түсті. Барлық өтініштер бекітілген мерзімде қаралып, нақты жауаптар берілді. Барлық құжат айналымы 1109 дананы құрайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button